Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атышулы имам Жаңа жылды тойлайтын мұсылмандарды "кәпірлер" деп атады

28 желтоқсан 2017, 15:59

Атышулы имам Әбдіғаппар Сманов Жаңа жылды тойлаушыларды «мұсылман емес – кәпірлер» деп атады. Үнемі халықты жинап уағыз айтатын шымкенттік ұстаздың «Жаңа жыл» туралы айтқан пікірі ғаламторды шарлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«31 желтоқсан - біздің халық мұсылмандарды араққор, қатынбас, жезөкшеге айналдырған ең «ұлы күн» бұл. Кімде кім осы күнді тойлайтын болса, шын жүрегімен «Жаңа жыл» деп қарайтын болса, ол өзі «кәпір», әйелі ж... болады. Бұл мейрамды күтетін болса иманыңнан ажырап қаласың. Мен бұл жайлы жылда айтып келемін.

Адамдарда әзірден дайындық, үйлеріне арша ілген. Не іліп жатырсың, кімді күтіп отырсың? Кімді үлгі қылмақсың? Кеше ана дініңнен, кітабыңнан, отаныңнан айырған адамдардың дініне қуанбақсың ба, мейрам қылмақсың ба?

Балаңа да сол тәрбиені бермексің бе? Бұл кешірілмейтін күнә. Алла тағала күнәлардың барлығын кешіреді, бірақ өзіне серік қосқандарды кешірмейді», - дейді Әбдіғаппар Сманов.

Естеріңізге сала кетсек, молданың несие алушылар туралы «кредиттің әрбір пайызы анаңмен жеті рет зина жасаған күнәмен бірдей» деген сөзі жергілікті мұсылман қауымын дүр сілкіндірген еді.

P.S. Наурыз және Рождество мерекелері әуел бастан дәстүрлі діндерге қатыссыз болып есептеледі. Наурыз мерекесінде күн теңелсе, қысқы мерекеде ескі күн жаңарып, ескімен бірге өткен жыл тарихқа кетеді деп саналған.