Атышулы видеодағы Жұмабектің кім екені белгілі болды

11 наурыз 2021, 12:34

Түркістан облысында "Жұмабектің бажасымын", - деген сөзден кейін полицейлерден із жасырғандар туралы мән-жай белгілі болды.

 

Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 

"Төлеген Жұмабек Тәліпұлы Отырар АПБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкері.

 

Шені: Майор!

 

Мына видеоны әдейі қырқып салдым. Түркістан Облысының Полиция Департаменті қызметкерлері полиция қызметкерлерінің атын пайдалануы мүмкін деген соң.

 

Видео да полиция қызметкері келіп тоқтатқан соң, алыстан “Е Жандос” тағы түсініксіз сөздер естіледі.

 

Ал тоқтатып тұрған полиция қызметкеріне “анау Жұмабек артымызда келе жатыр”,  деп іштегі жігіттер сенімді айтып отыр.

 

Белгісіз азаматқа, полиция қызметкері Жұмабек деп тіл қатқан жері анық түсіп қалған.

 

Ал Жұмабек жол ережесін бұзған жігіттерге айда-айда деп бұйрық береді.

 

Осының бәрін видеоға заңды бұзған жігіттер өздері түсірген!

 

Видео айғақ болса да, өз қызметтес әріптесінің жұмысына кедергі келтірген Жұмабекті Түркістан полиция департаменті неге ақтап отыр?

 

Неге бірден қызметтік тексеріс бастап кетпейді?

 

Неге барынша Жұмабекті жасыруға тырысты?

 

Құрсыншы бәрі Жұмабек кімнің баласы немесе крышасы кім? Оны сонша ақтайтындай?", - деп жазды Айгүл Орынбек.

 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқан, көлік жүргізуші полицей мамандардың сөздерін елемеген көрінеді. 

 

Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізушінің ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.