Мәселе

Ауаны ластайтын автокөліктермен күрес күшейтілуде

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың тапсырмасымен ауаға зиянды заттар шығару арқылы қоршаған ортаға залал келтіретін автокөліктерді анықтау мақсатында "Таза ауа" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізуде, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.


Бүгінгі таңда мұндай көліктер атмосфераны ластаудың және өңірдегі экологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері болып табылады.


"Өкінішке орай, талаптарға сай келмейтін көлік құралдары әлі де көп. Жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы үш күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы бойынша 200-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бапқа сәйкес екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылады, ал құқық бұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткішке дейін артады, сондай-ақ мемлекеттік нөмірді алып қою көзделген", - делінген таратылған ақпаратта.


Бүгінде облыс орталығының жолдарында қоғамдық көліктердің саны артуда, оның басым бөлігі экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. Бұзушылықтардың көпшілігі жолаушылар автобустарына қатысты болып отыр.


Сондықтан қазіргі уақытта атмосфераға зиянды заттар шығаратын осы санаттағы көліктерді азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, жүргізушілермен қатар автобус парктерінің иелері де қатаң жауапкершілікке тартылады. 


Вaq.kz




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30