Мәселе

Әуе, теміржол қозғалысы ашылды, блокпостар неге алынбады – Бас санитар жауабы

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блокпостардың неге алынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Біріншіден, карантинді жұмсарту шаралары жағдайға қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі. Автобустар мен жеңіл көлікке қарағанда, әуе рейсін халықтың аз бөлігі қолданады. Екіншіден, еліміздің әр өңіріндегі жағдай әр түрлі. Қазіргі цифрлардан өңірлер жағдайының теңескенін көріп отырған жоқпыз. Кей өңірде жұқтырудың ең төменгі көрсеткіші тіркелсе, өзге өңірде – керісінше жоғары», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

 

Спикердің айтуынша, барлық шешім коронавирус инфекциясын қосымша таратпау үшін қабылданып жатыр.

 

«Сондықтан, жеңілдетудің бірінші кезеңінде әуе рейстері іске қосылды. Келесі кезеңде – темір жол көлігі. Бәлкім, одан кейінгі кезеңдерде өңірлер арасындағы блокпосттар алынатын шығар. Кей өңірлер өз ішіндегі блокбекеттерді алып тастады. Сондықтан да, коронавирус инфекциясының қайта тарауына жол бермеу үшін блокпосттар ашылмайды», - деді А, Есмағамбетова.

 

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданатынын хабарлаған еді.

 

Сонымен бірге, COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінетін болады .

 




Көрілген: 680    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31