Мәселе

Ауған босқындарынан Қазақстанға қауіп бар ма

  • https://bigpicture.ru/

    https://bigpicture.ru/

Жақында Америка құрама штаттары Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстан басшыларына үндеу жасап, Талибанға* қарсы соғысуға көмектескен 9 мың ауғандықты уақытша орналастыруды сұрады. Әзірше нақты шаралар қолға алынған жоқ. Дегенмен Тәжікстанға мыңдаған босқындар ағыла бастады.

 

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-тың өтініші орынсыз деп санайтынын айтты. Себебі мыңдаған әскерін алып кетуге қауқары бар держава өз жақтастарын да оп-оңай әкете алады.

 

"Иә, АҚШ өздеріне көмектескен ауғандықтарды алдымен тексеріп алуды көздейді. Олардың арасында экстремистер бар ма, жоқ па, осының бәрін анық білгісі келеді. Әйтпесе, Американың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнеді ғой. Бірақ біз ондай адамдарды уақытша орналастырсақ, АҚШ артынан алып кететініне нақты кепілдік беруі керек. Мысалы, қазір мыңдаған адамды кіргіздік дейік. Ал АҚШ сенатында отырған республикандықтар тиісті заң қабылдамай қояды. Сонда не істейміз? Басқа елге жібере алмаймыз. Ауғанстанға қайтарсақ, адамгершілікке жат. Сөйтіп, барлығы осы жерде қалып қоюы да мүмкін. Сондықтан асығыс шешім жасауға болмайды", - деді Әбішев.

 

Ғазиз Әбішевтің ойынша, Талибан* ашық соғыспауы да мүмкін. Олар диверсанттарды жіберіп, қарулы қақтығыстар жасай алады.

 

"Талибан* Орталық Азиядағы жағдайдың тұрақсыздығына мүдделі болса, солай істейді. Ал Тәжікстан мен Қырғызстанға қысым жасалса, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына шабуыл жасағанмен тең болады. Демек, ұйымға мүше Қазақстан да тыс қалмайды", - дейді саяси шолушы.

 

 

 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 10:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30