Мәселе

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

    Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан Ресейге экспортталған қызанақтарда қауіпті вирус анықталмағанын хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойынша, 2020 жылдың желтоқсанында Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Россельхознадзор) Green Capital Kazakhstan, Green Land Alatau ЖШС-нің өнімдерінің ішінде қызанақтан қауіпті вирус анықталғаны және Greenhouse-Qaztomat ЖШС өндіретін қызанақты алып келуге шектеу енгізгені туралы хабарлама жіберген. Осыған байланысты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тексеру ұйымдастырды. Келіспеушілік  болмау үшін зертханалық талдау әдістері ресейлік ұйым мамандарымен бірге жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша Greenhouse-Qaztomat ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталмады.

 «Объективтілік үшін компания өз бастамасы бойынша өнімнің сынамаларын Groen Agro Control тәуелсіз зертханасына (Нидерланды) жіберді. Қосымша зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай шаруашылығында вирус анықталған жоқ. Осындай комиссиялық тексерулер Green Capital Kazakhstan және Green Land Alatau жылыжай шаруашылықтарында жүргізілді. Ол жерлерде де вирус анықталмады, &ndash деп атап өтті ведомстводан.
 aikyn.kz




Көрілген: 1571    Пікірлер: 0

сенбі, 16.01.2021, 14:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31