Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ауыл тұрғындарынан ақша жинаған

14 сәуір 2011, 13:15

Жуырда Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған қаруланған топты ұстады. Қарақшылар қылмысқа екі айдай дайындалған, қалалық кәсіпкердің тұрғылықты жерін, қызметін бақылаған.
Қаскүнемдер пәтерде үлкен көлемдегі ақшаның және құнды заттардың барын білген. Бұрын сотты болған Тараздағы 7- ықшамауданның 22 жастағы тұрғыны және 1-ықшамауданның 25 жастағы тұрғыны капронды бетперде киіп, өздері­мен бірге 5,6 мм, кіші калибрлі винтовка, төрт оқ-дәрі және шүріппелі пышақтары бол­ған. Қазір ұсталғандардың екеуі де УҚҰИ-ге жеткізіліп, айыптарын мойындады. Ұстал­ғандардың басқа да жасалған ауыр қыл­мыстарға қатысының бар-жоқтығы анық­талуда.
Нұржан ҚАЛМЕТОВ, Жамбыл облысы ІІД ҰҚҚКБ бастығы, полиция полковнигі:
– Бірнеше күн бұрын біз ҚР ІІМ Оң­түстік  ӨҰҚҚКБ бірігіп, Тараздан теміржол көлігі саласында ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін алматылық әріптестердің іздеуінде болған қылмыскерді ұстадық. 45 жастағы ОҚО тұрғыны 2-ықшам- аудандағы жалдамалы пәтерде жа­сы­рынған.
Сондай-ақ Шу ауданы Аша ауылының 25 жастағы бопсалаушы тұрғыны 50 мың теңге алу үстінде ұсталды. Бопсалаушы екі жыл бойы күш көрсету арқылы ауыл тұр­ғын­дарынан ақша жинаған Шу қаласын­дағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері бо­лып шықты. Қаскүнем қамауға алынды. Өт­кен аптада «Казино» рейдтік іс-шарасы барысында ЭСЖҚҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, ойын іскерлігі туралы заңнама­ны бұзудың төрт дерегі анықталды. Тексеру барысында Қазыбек би, Төле би көшелері бойындағы Мыңбұлақ ықшамауданындағы  қонақүйлер, ойын автоматтары залы қамтылды. Ойын автоматтарының опера­тор­лары барлық жағдайда ойыншыларға ұтыс беріп отырған. Барлық дерек бо­йын­ша әкімшілік сотқа беру үшін құжаттар толтырылды. Ойын автоматтарының қожа­йын­дарына 345 мың теңге айыппұл салына­ды.