Мәселе

Ауылда ашылған жезөкшелер притоны

  • Сурет : Түркістан облысы ПД

    Сурет : Түркістан облысы ПД

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтап, жойды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

 

Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша СДТТБТ-да тіркелді.

 

Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті 4 қызды ұстады. Олардың 3-еуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, 1-еуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

 

Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде, күнделікті қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, монша кешендерін және басқа да нысандарды тексеріп отыратынын ескертеміз.

 




Көрілген: 3213    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31