Мәселе

Ауылдастар әскери бөлімнен қару ұрлап қашқан сержант туралы ойларын айтты

  • Абылай Балғынбай © Әлеуметтік желі

    Абылай Балғынбай © Әлеуметтік желі

Журналистер әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшінің туған ауылында болып, жерлестерімен және көршілерімен әңгімелесті. Олардың ешқайсысы жігіттің қылмыс жасауы мүмкін екеніне сенбейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Ордабасы ауданындағы Қайнар шағын ауылында "Еуразия" бірінші арнасының тілшілері болып қайтты. Олардың сөзінше, ауыл тұрғындары келісім-шарт бойынша қызмет еткен әскеридің қарапайым және тәрбиелі азамат екенін айтқан.

 

Әйелдердің бірі Абылайдың көпбалалы отбасында өскенін, өте тәрбиелі жігіт екенін алға тартты. Ал оның әкесі ауылдағы құрметті азаматтардың бірі.

 

Көршілері Абылайдың үйдің үлкені екенін, оның мектепте оқитын інілері мен студент әпкесі барын айтты. Жігіт әскерге дейін Шымкентте арнайы орта білім алған.

 

Тілшілер жігіттің ата-анасын сөзге тартпақ болған, алайда олар жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

 

Қашып кеткен сержантты ұстау үшін ІІМ мен ҰҚК күштері тартылды, "Ұстау" жоспары жарияланды. Әскери қызметшінің жерлестері жігіт өз салмағынан бірнеше есеге асатын қаруды алып, қашып кетті дегенге күмән келтіріп отыр.

 

Ауыл тұрғындары бұған басқа да тұлғалар да қатысы болуы мүмкін деп санайды.

 

Қазнет пайдаланушылары да осындай пікірді ұстанады. Олар Абылай көп қаруды алып кете алмады деген ойда.

 

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев әзірге толық түсініктеме бере алмады, бірақ ұрланған қарудан ешкімге зиян келтірілмегенін айтты.

 

Толық ақпаратты ІІМ баспасөз конференциясында хабарлайды деп мәлімдеді министр.

 

Естеріңізге сала кетейік, қашып кеткен әскери қызметші 20 ақпан күні арнайы операция барысында қолға түсті.

 




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30