Мәселе

«Ауылыңызда қарт жоқ па?»: журналист вирустың пошта арқылы таралу мүмкіндігі жоғары екенін айтты

  • «Ауылыңызда қарт жоқ па?»: журналист вирустың пошта арқылы таралу мүмкіндігі жоғары екенін айтты

    «Ауылыңызда қарт жоқ па?»: журналист вирустың пошта арқылы таралу мүмкіндігі жоғары екенін айтты

Көп жұмыс орындары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Дұрыс-ақ. Бірақ біз бір нәрсені ұмыттық. Қазпочта қызметкерлерін.

Журналист Жанат Жанқашұлы вирус поштамен келуі мүмкін деп топшылады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы оның Facebook-парақшасына сілтеме жасап жазады.

Жанат Жаңқашұлы пошташылардың жұмысын тоқтатуды ұсынып отыр. Өйткені ақша арқылы тарайтын вирус газет беттері арқылы да тарауы мүмкін. Сонымен қатар журналист сабақтан босатылған студенттердің еріккеннен көше жағалап жүргеніне наразылық білдірді. "Тек қана қарттар өледі екен" деп сеніп жүрген жұртшылықты ол өзімізден вирус таратып, ақсақалдарды сиретіп алмауға шақырды. 

"Президент төтенше жағдай жариялағалы біраз болды. Көп жұмыс орындары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Дұрыс-ақ. Бірақ біз бір нәрсені ұмыттық. Қазпочта қызметкерлерін. Олар газет тасып жүр. Ақша арқылы таралатын вирус газет арқылы да таралмай ма? Оның үстіне пошташы адам қаншама үй аралап келеді. Ертең пандемия елде күшейіп кетсе, нағыз тасымалдаушы осы пошташылар болмай ма? Қазір ақпарат газетке тіреліп тұрған жоқ. Бір айға тоқтата тұруға болады-ау.

Екіншіден, сабақтан босатқан студент пен оқушының көбі көшеде өріп жүр. Оларды не үшін сабақтан босатты? Ата-анасына жауапкершілік жүктеу керек қой. Болмаса онлайн сабақты арасына уақыт салып қою керек. Осы екі амалды түзейік. Егер түземесек карантин жариялаудың не қажеті бар? Ертең жиырма күн өткенде Италия сияқты бармақ шайнап жүрмейік.

Сосын, "өй, бұл түк те ауыр емес. Тұмау сияқты өтеді. Қарттар ғана өледі екен" деген сыңайдағы "данышпандардың" хабары сақтық шарасын босаңсытып отыр. Егер оңай болса Италия неге баудай түсті? Алып держава Америка неден састы? Тіпті қарттар ғана өледі дегенге сенсеңіз туған-туысыңыздың арасында қарт жоқ па? Ауылыңызда қарт жоқ па? Әр адам кемі жүз адамды ауыртуы мүмкін екенін ойласыншы.
P.S Карантин мәселесінде газет тасымалы мен студент мәселесін міндетті түрде шешу керек деп ойлаймын. Қазақты сақтайық! Ақылымыз тасып бара жатқан жоқ, бірақ әлемдік статистиканы көріп сасайын дедік", - деп жан ұшырды журналист жазбасында.

 

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 10:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31