Мәселе

"Ауыз су жоқ": Наразы тұрғындар Талғар тас жолын жауып тастады

  • "Ауыз су жоқ": Наразы тұрғындар Талғар тас жолын жауып тастады

Алматы маңында тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары судың болмауына наразылық білдіріп, тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 11 шілде күні сағат 23.00 шамасында Талғар тас жолында болған. "Нұрия" тұрғын үй кешенінің жүзге жуық тұрғыны сусыз қалдық деп, наразылыққа шықты.

 
Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. 

Бейнежабада тұрғындар сусыз қалғанына наразы екенін жеткізген. Ауыз судың жетіспеуі құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылып кетуімен түсіндіріледі. Жауаптылар олқылықтар жойылғанын, көп ұзамай пәтерлерге су берілетінін айтты. 

Полиция бұл оқиғаның Алматы облысы, Бесағаш ауылының аумағында болғанын айтады. 80-ге жуық адам Алматы-Талғар тас жолын жауып тастағаны атап өтілді.

"Тұрғындар тарапынан жасалған бұл әрекеттің себебі – ауыз судың жетіспеуі. Жергілікті атқарушы органдар наразылыққа шыққандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарды таратып жіберді. Көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі. 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 10:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30