"Аузынан шәует табылған". Асылып өлген сарбазға қатысты сұмдық дерек айтылды

23 қаңтар 2023, 14:52

Таразда асылып өлген сарбаздың ауыз қуысы мен іш киімінен бірнеше адамның шәуеті анықталған. Бұл туралы жәбірленушілердің адвокаты Сержан Пірәлиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

2004 жылы дүниеге келген Бекбол Мираш 2022 жылдың тамызында асылып өлген болатын.

 

Адвокаттың айтуынша, сарбаздың денесіне және киімдеріне жасалған сараптама қорытындысы жаға ұстатарлық. Марқұмның ауыз қуысы мен киімдерінен ер адамдардың шәуеті анықталыпты. Сондықтан Пірәлиев Бекбол Мираштың өз-өзіне қол салуына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті себеп болған деп отыр.

 

"Сараптама қорытындысы марқұмның жақындарының ғана емес, менің де төбе шашымды тік тұрғызды. Биологиялық сараптама жігіттің ауыз бөлігі мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует іздерін тапты. Осыдан-ақ жігіттің сексуалдық зорлыққа ұшырағанын және соның кесірінен өз-өзіне қол салғанын аңғару қиын емес. Бірақ тергеу осы деректі назарға алмай, істі "лауазымын асыра пайдаланған" деген баппен жалғастырмақшы. Бірақ Мираштың өлімін "сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті" деген бапқа ауыстыру керек", — деді Сержан Пірәлиев.

 

Айта кетейік, бұл іс бойынша шекара бөлімінің командирі қамауға алынып, оның үстінен "ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.