Мәселе

Австрияда қиындыққа тап болған қазақстандық отбасы Қазақстанға депортацияланады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Австрияда қиындыққа тап болған, құжатсыз бірнеше жыл тұрған қазақстандық Байделдер отбасы Қазақстанға депортацияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, осы жылдың қыркүйегінде ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Австрияда қиындыққа тап болған қазақстандық отбасыға қатысты пікір білдірген болатын.

«Аталған ақпарат жергілікті БАҚ-та жарияланды. Біздің қолымыздағы мәлімет бойынша Байделдер отбасы Австрияның Ниделрвальдкирхен қаласында шіркеудің жанында 2013 жылдан бері тұрып жатыр. Олар баспана сұраушы мәртебесіндегі отбасы. Тұрақты жұмыс орындары жоқ. Жергілікті әлеуметтік көмекті алып отыр. Австриядағы жергілікті билік оларды елде қалдырудан, баспана беруден бас тартты. Осы оқиғадан кейін отбасының мүшелері мен көршілері, баспана беріп, елде қалдыруды талап етіп, көшеге шыққан. Алайда сол елдің заңы бойынша ол отбасын елде қалдыруға ешқандай негіз жоқ», - деді ол.

Арада екі ай өткеннен кейін Айбек Смадияровтан тілшілер Австриядағы сол отбасының тағдыры не болып жатқанын сұрап көрді.

«Әзірге консул олармен байланыс ұстап отыр. Олар әлі сол Австрияда. Білуімізше, австриялық билік оларды кері депортациялауды көздеп отыр. Себебі, олар сол жақта жұмыс істемей ешқандай құжатсыз бірнеше жыл бойы тұрып жатыр. Сөзсіз, біздің консул қажетті барлық көмекті көрсетеді», - деді ол.

 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 20:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30