Мәселе

Аягүл Мантайдың өлерінен бұрын жазған жазбасы пайда болды

  • https://ratel.kz/

    https://ratel.kz/

Өмірден өткен белгілі жазушы Аягүл Мантай осыдан бір апта бұрын Фейсбуктегі парақшасына соңғы жазбасын қалдырыпты. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

 

Өмір, адамдар жайында ойын ақтарған жазушы өзінің өмірден озатынын сезгендей…

 

«Жаныңды кірлеткің келмейді… Жандүниеңді барынша таза ұстағың келеді… Бірақ бар болғаны пендесің… Жаның тым нәзік болса, тіпті қиын… Сыйлап жүрген адамыңның арамдығын сезсең, күйреп, сынып кетесің… Түйсігің мықты болса, ойын сезіп қойсаң, тіпті қиын…

Жағымпаз адамдардан қашам… Қараймын, олардың жандүниесінде бір тыныштық бар. Олар жағымпаздығына тіпті де арланбайды. Жағымпаздық қасиетімен ақша жасайды.

Жарымай жүріп, понт жасайтын адамдардан қашам. Жасандылық көп… Жасандылығы көп адамға пасықтық пен арамдық тән…

Принципі жоқ адамдардан қашам… Олар кез келген кезде сатып кетеді.

Уәде беріп, орындамайтын адамдардан қашам. Принципі жоқ адам ғана уәде беріп, орындамайды.

Мүгедек болса да, Құдайға шағынбайтын адамдарды білем. Жандүниесі тап-таза. Биік. Парасатты. Солардың қасында рухани мүгедектігіңе ұяласың…

Өкініштісі, адамдар өзіне ұқсамаған адамды өлтіруге, жерлеуге асығады…

Мен ылғи да жүрекке оралуды, Құдайға оралуды армандаппын. Бірақ оралмаппын…

Өзімнің тап-таза жүрегімді, Құдайды тапқым келеді…", - деп жазба қалдырған болатын.

 

Мұны оқыған желі қолданушылары: "Өзінің кететінін білген ғой", "Жүрек Аллаға аттанарда бір нәрсені сезеді", "Жүрекке оралу, Аллаға оралу....",- деп пікір қалдырды.

 

 

 

 




Көрілген: 5317    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30