Мәселе

Аягүл Мантайдың өлімінен кейін депутат Ерлан Саиров мәлімдеме жасады

  • Фото: edu-tradeunion.com

    Фото: edu-tradeunion.com

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Ерлан Саиров әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстаудың этикасы болуы керектігін айтып, "Әлеуметтік желі кодексін" қабылдау мәселесін көтерді.

 

Депутат желінің жоғары деңгейдегі мәдениетін қалыптастырудың маңызын, оның басты аспектісі адамның жеке басына қол сұқпау, адамның әр-ожданын ардақтау екенін атап өтті.

 

"1. Сын жеке басқа мінсіз болуы керек.

 

2. Сынның жебесі қоғамдық маңызы зор, халқымыздың рухани әлеміне қатысты терең проблемаларға арналған болуы керек.

 

3. Өкіметтің іс-әрекеттерін, мемлекетті талқылаған кезде жеке басқа тиіспеу аксиома болуы керек.

 

4. Әлеуметтік желі мен адамның жеке өмірі бір-біріне қатысы жоқ, араласпайтын екі әлем.

 

5. Әр адамда жеке өзінің рухани, мәдени, адами цензурасы болуы тиіс.

 

6. Әлеуметтік желі рухани әлемі терең, мәдениеті жоғары, адамгершілік қасиеті мол адамдардың ортасы болуы керек.

 

"Әлеуметтік желі Кодексі" өмір қажеттілігі!" деп жазды депутат facebook желісінде.

 

Ерлан Саиров мұндай мәлімдемені жазушы Аягүл Мантайдың суицидінен кейін жасады. Әлеуметтік желіде жазушының өзіне қол жұмсауына әлдекімдердің жеке басына айтқан сөзі себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.

 

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 2648    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 19:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30