Мәселе

"Аяқ-қолдарын кесеміз": Алматы облысында балаларға қорқынышты ойын таратылуда

  • Фото: inalmaty.kz

    Фото: inalmaty.kz

Алматы облысының балаларына қорқынышты хабарламалар келуде. Онда "Бабадук" деген белгісіз біреу бала хабарламаны 15 адамға таратпаса, "ата-анаңды өлтіреміз" деген қоқан-лоққы көрсетуде деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Бұл туралы Қапшағай қаласының тұрғыны Facebook парақшасында жариялаған.


"Аналардың бірі What'sApp тобына мына хабарламаны жіберді. Көбісі балаларының осындай хабарлама алғанын растады. Қала тұрғындарын мұндай бопсалау түрінің қауіпті екенін балаларға жеткізуді сұраймын. Сүйкті ойыншығы ата-анасының қол-аяғын кесе алмайтынын түсіндіріңіздер", - деп жазды Юлия Трофимова.


Осыдан кейін қала тұрғындары Юлияға жаза бастаған.


"Менің балама да осындай хабарлама келді. Оған сыныптасы жіберіпті. Қызым оған мән бермеген, бірақ аяғына дейін оқығанымда қатты таңғалдым", -деп жазды желі қолданушысы.


Қоғам белсендісі Жанна Ахметова жасөспірімдер мұндай хабарламаны ата-анасынан жасырып, "Бабадукқа" сеніп қалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Білім министрлігінің бұл жағдайға мән беруін өтінді.


"Ересектер ғылыми нақтылануы болмаса да, бақсы-балгерге, астролог, нумерологтарға сенеді. "15 адамға жіберсең, табысқа кенелесің" деген хабарлама келгенде оны таратып жатады ғой. Бәріміздің мінез-құлқымыз әртүрлі. Сондықтан кейбір бала сеніп қалуы мүмкін. Абай болу керек. Аналарға балалармен сөйлесуге кеңес беремін", - деді Жанна Ахметова.


Қапшағай қаласының білім бөлімі жағдайды бақылауына алды. 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 11:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30