Әйел образына енген астаналық мектеп түлегі жұрттың ашуын тудырды

07 маусым 2022, 20:06

Нұр-Сұлтан қаласында биыл мектеп бітірген ер бала желіде жұрттың ашуын тудырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Биыл соңғы қоңырауда мектеп бітірген шашы мен тырнағы ұзын астаналық ер бала желіде тағы да бір әрекетімен таңғалдырды. Тікелей эфирде оқырмандарымен тілдескен түлек жұрттың сынына ұшырады.

 

Темірлан есімді астаналық түлек биыл қаладағы орта мектептердің бірін аяқтаған. Ол салтанатты шарадан соң республикалық арналардың біріне сұхбат беріп, шашының ұзындығынан бөлек ерекше тырнағымен таңғалдырған.

 

Желіде Темірланға қатысты тағы бір бейнежазба жұрттың талқысына түсті. Қыз баланың образына енген ол оқырмандарымен тілдесіп, көпшіліктің наразылығына ұшыраған. Алайда желі қолданушыларының бірқатары әйел кейпіндегі балаға қаржылай қолдау көрсетті.

 

 

Қызу талқыға түскен ер баланың әрекетін сынағандар оның өрескел әрекетін бетіне басқан.

 

"Мына бала ертең ел қорғайды деп кім айтады?", "Ер болып туып қор болдың ғой", "Ата-ана бала тәрбиесіне бей-жай қараса осылай болады", "Еркіне жіберудің салдары осы", "Не дейін, әдемі қыз бол" деген сыңайда пікір қалдырған.