Мәселе

Әйелдердің төсін үлкейтуге жеңілдік: Алматыда «пысық» клиникалар пайда болды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматыда карантиннің күшейтілгеніне қарамастан, кейбір моншалар, сұлулық салондары мен пластикалық ота жасайтын жеке клиникалар қызметін тоқтатпаған.

Карантинмен бірге жеке меншік клиникалар да қалыспай, қарқынын күшейтіп жатыр. Мәселен, осы айда қыз-келіншектерге кеудесін үлкейтуге жаппай жеңілдіктер жарияланған. Небәрі екі күн бұрын пайда болған жазбада, тіпті, қарызға жасату мүмкіндігі жазылған. Тек клиникаға келсеңіз болғаны. Ал біреулері ендігі екі апта ғана уақытыңыз қалды деп одан сайын асықтырыпты. Қыз-келіншектерді шақырған клиникаға біз де бас сұқтық. Бірақ, кеуде салдыру үшін емес, қателіктің кеткеніне көз жеткізу үшін. Сөйтсек, жарнамасы алдамапты. Клиниканың есігі айқара ашық тұр. Ал карантин туралы ескертпенің орнына клиенттерге бетті тартқызатын отаның құны жазылған қағаздар ұсынылған. Бірақ түсірілім тобын көре сала, компания басшысы азар-безер болды.

 

Болат Бөлдекбаев, Пластикалық хирургия және косметологиялық клиниканың бас директоры:

 

- Азаматтарды қабылдап, не ота жасап жатқан жоқпыз. Қызметкерлерді еңбек демалысына жібердім. Бәрі үйінде. Тек карантиге дейін ота жасалған пациенттердің жібін алып, жарасын таңу үшін тек бір ғана кезекші дәрігерді алып қалдық.

 

Ал соңғы ота бір ай бұрын жасалыпты. Бірақ, оған дәлел болатын құжатты көрсете алмады. Айтуынша, науқастарды тіркейтін журналды қызметкерлердің бірі үйіне алып кеткен.

 

Жаңа кеуде туралы жарнама құзырлы органдарды да қызықтырса керек. Карантин басталғалы екі аптадан астам уақыт өтсе де, олар енді ғана төбе көрсетті.

 

Пластикалық ота жасайтын клиникалардың біріне  құзырлы органдар бірге кірді. Әкімдік қызметкерлері, полиция және прокуратура қызметкерлері. Бірақ, неге екені белгісіз, камераны көре сала, шығып кетті.

 

Бұдан басқа да клиникалардың ашық тұрғаны белгілі боп қалды. Бірақ, олар да карантиннен кейін клиент «қабылдамадық» деп ақталды. Ал жұмысқа гүлдерге су құю үшін келіпті-міс.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 17:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31