Интернетте қыздардың көйлегін киіп, майыса би билеген екі жігіттің әрекетін жұрт сынға алды. Олар тіпті бұлтитып қос анарды да жасап алған, деп хабарлайды Экспресс К.
Жігіттердің сынға қалған биі Facebook-те жарияланды. Бейнежазбада бірі қара, екіншісі қызыл көйлек киген жігіттер майыса билегенін көруге болады. Тіпті олардың екі иықты лақтыра, бөкселерін ойната қимылдағандарын да байқайсыз.
Жігіттердің дәл осындай кейіпке енуін желі қолданушылары қатты сынға алды.
"Намыс қайда, жігіттер, мынау масқара ғой". "Енді қалмағаны осы еді, ақымақтар". "Нағыз азғындық деп осыны айт, сұмдық қой". "Бір отбасы ұл өсіріп отырмын деп жүр-ау, ал мыналардың тірлігін сөзбен жеткізе алмайсыз". "Қызтекелер ме, не бәле?", — деген ашулы жазбалаларын жаудырды желідегі жұрт.