Мәселе

"Әйелімен жатады": Ақтөбелік дәрігерлер VIP-пациенттердің әрекетіне шағымданды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Ақтөбе медициналық орталығының басшысы дәрігерлердің желіде тараған хатына жауап берді. Онда өздерін COVID және пневмониямен ауыратын науқастарға арналған провизорлық стационар қызметкерлері деп таныстырған авторлар VIP-пациенттердің әрекетіне шағымданған, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданған анонимді хатта медқызметкерлер ауруханада шамадан тыс назарды талап ететін науқастардың бар екенін мәлімдеген.

 

Оларды жеке палатаға бүкіл отбасымен орналастырады. Бірақ, VIP-пациенттерді бұл да қанағаттандырмайды екен: олар медициналық қызметкерлерді құрметтемейді, дәрігерлерді қорқытады және өздеріне көп назар аударуды талап етеді.

 

"Барлық медициналық мекемелерде науқастар гендерлік белгілеріне қарай жатқызылады, ерлер - ерлермен, әйелдер - әйелдермен. Бірақ біздің VIP-тұлғалар жеке палата алғанымен қоймай, әйелімен бірге жатуды қалады. Біздің ауруханада тіпті прокуратура қызметкері әйелімен жатты", - делінген хатта.

 

Ақтөбедегі медициналық орталықтың бас дәрігері Рүстем Исаев ауруханада бекітілген аты-жөні бар тұлғалардың екі апта бойы пневмониядан емделгенін жасырмады. Бірақ, оның сөзінше, ешқандай VIP-палата болмаған. Ал әйелін палатаға клиникалық көрсеткіштері бойынша жатқызған, стационар тәжірибесінде мұндай жағдайлар бар-мыс. Отбасы мүшелері бірі-біріне көмектеседі екен. Сонымен қатар, бас дәрігердің пікірше, осылай істеу арқылы аурудың таралуына жол бермеуге болады.

 

Ал анонимді хатты Рүстем Исаев тапсырыспен жазылған деп ойлайды. Айтуынша, бұл арам ойлы адамдардың әрекеті, ал аурухана қызметкерлерінің хат жазып отыратын жағдайы жоқ екен, олар өз жұмыстарымен айналысып жүр.

 

"Хатты көрдік, оқыдық. Мен оны тапсырыспен жазылған хат деп ойлаймын. Ол расталмады. Бұл негізсіз шағым деп ойлаймын. Тексердік, ешбірі анықталған жоқ", - деді Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев.

 




Көрілген: 1439    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 15:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30