Мәселе

"Әйеліммен шатастырып алдым": Оралда азғын әке туған қызын зорлаған

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Оралда туған қызын зорлаған опасыз  әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу кезінде ол еш шімірікпестен, қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып ақталған.

 

Мамандардың айтуынша, өңірде осындай  жантүршігерлік оқиғалар  жиілеп барады.  Жыл басынан бері 16 жасөспірім  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.   

 

Өзіне қол көтерген анасына өкпелі 16 жастағы қыз туғандарына ренжіп, үйінен кетіп қалуды әдетке айналдырған. Тіпті өзін іздеп тапқан сақшылардан балалар үйіне жіберуді өтініпті. Қазір бұл отбасы арнайы есепте тұр.

 

«Мені анам ұрып-соғып, тіпті тепкілеп тастады. «Өлгің келсе, арам қат! Маған сенің бар-жоғың бәрібір!, - деп ұрысты. Бірақ өзімді өлтіре алмадым. Өлу оңай емес екен. Қолымнан ештеме келмеген соң, жылай беремін. Кейін қалай өлудің амалдарын іздестіре бастадым. Өзіме пышақ тығып алғым келген. Бірақ олай істей алмадым».

 

Биыл өз туыстарынан жәбір көрген жасөспірімдер күрт көбейген. Полиция дерегінше, 16 балаға зорлық жасалған.  

 

Мәдина ҚҰСПАНОВА, ОРАЛ қ. ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

 

– Ең сұмдығы, жыныстық сипаттағы зорлық көп кездеседі. Бұл қылмыс түрі 30 пайызға артып отыр. Мысалы, арақ ішіп алып, өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген оралдықтың үстінен іс қозғалды. Ол мастығынан айыққасын, қызын әйелімен шатыстырып алғанын айтып, ақталыпты.

 

Ал психологтар мұны баланың бақылаусыз қалғанымен байланыстырады. Бұған қашықтан оқудың да әсері бар дейді. Өйткені әлеуметтік желіде өзімен-өзі қалған жеткіншек ересектермен танысып, ақырында алданып қалуы мүмкін.

 

Светлана КУЖБАНОВА, ПСИХОЛОГ:

 

– Үйдегі кішкентай келіспеушілік дер кезінде шешілмесе, мұның ушығып кетуі мүмкін. Тіпті ерте ұйықтату, сабақ оқытудың өзін бала маған зорлық көрсетті деп түсінуі ықтимал. Сондықтан ата-ана мен бала арасында дұрыс қарым қатынас орнауы тиіс. Екі жақ та бір-бірін дұрыс тыңдап, арада түсіністік болуы керек.

 

Туыстарына өкпелеген жасөспірімдер жақындарынан жырақтай бастайды. Үйінен қашып, мектепке бармайтындардың ішінде өзіне-өзі қол жұмсағандар да бар.

 

Полиция дерегінше, былтыр екі жасөспірім суицид жасаған. Тағы 13 баланың осындай әрекетке барғаны анықталды.

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 15:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31