Әйгілі америкалық рэпер Қазақстанда болған жағдайды жариялады

22 желтоқсан 2021, 10:57

Белгілі америкалық рэпер, продюсер және актер Snoop Dogg өзінің желідегі парақшасында Қазақстанда болған жағдайды жариялады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Онда ауыр техника темір қақпаны ысырып жатқанда, ол қасында нұсқау беріп тұрған адамға құлап түседі.

 

«Тағы бір сот орындаушының қисынсыз әрекеті жазасыз қалмады», – деп жазды пікір қалдырушылар оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласындағы Сейфуллин көшесінде орналасқан үй (ғимарат) алдында орын алғанына меңзеп.

 

Ресеймен және Қырғызстанмен шатастырып жатқандар да бар.

 

«Біздікілер емес деп үміттеніп едім». «Шенеуніктеріміздің қызметіне Снуп Доггтың өзі назар аударғаны қандай жақсы».

 

«Қазақстанға қош келдіңіздер!», – дейді мобилограф Қыран Талапбек 8 миллионға жуық қаралым мен 9 мыңнан астам комментарий жинаған аталмыш бейнежазба астында.