Мәселе

Айсұлтан: «Дәл қазір қаладан шығу мүмкін емес»

  • Айсұлтан: «Дәл қазір қаладан шығу мүмкін емес»

    Айсұлтан: «Дәл қазір қаладан шығу мүмкін емес»

«Мен секілді жүздеген жастар еліне қайтқысы келеді. Үкіметтің бұған қауқары жетер...».
Қытайдағы қауіпті індет (коронавирус) тараған Ухань қаласында 87 қазақ студенті бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстаннан келген Айсұлтан Ухань қаласының университетінде білім алады. Қала карантинге жабылғалы осындағы қазақ жастары сақтық шараларын қабылдауға мәжбүр болған.

«Бүгін Қытай телеарналары жағдайды бақылауға алдық деп хабар таратты. Алайда, кеше кешкісін қаладағы әуежай жабылып қалды. Әзір қалаға кіру де, шығу да мүмкін емес. Біз карантин аумағындамыз.

Метро, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтады, тек такси қатынап тұр. Бірақ, оның өзі аздық етуде. Қала карантинге жабылмай тұрғанда бізбен бірге болған біршама адам көлікпен көрші қалаға жетіп, әрі қарай Бейжіңге аттанды. Осы арадан туған жеріне тура тартады. Алайда, дәл қазір қаладан шығу мүмкін емес», – дейді Айсұлтан.

Оның айтуынша, аурудың асқынуына қауіпті індетпен тұспа-тұс келген Қытай жаңа жылы да себепші болуы мүмкін. Себебі, бұл уақытта қытайлықтар бір-бірін құттықтап, алыс-жақындағы туыс-туғандарына сапарлап келеді.

Қытайлықтар жұмысқа алдағы айдың 6-сы күні шығады. Елдегі бірқатар оқу орындары вирусқа байланысты демалысты наурыз айына дейін созған. Вирус жұқтарғандардың саны ресми мәліметке қарағанда әлдеқайда көп деген қаңқу сөзді Ухань қаласындағы қазақ студенттері де естіпті.

«Қалада қамалып қалған студенттер жатақханада бас қосып, карантиннің алдында қажетті азық-түлікпен қамданып алдық. Қытай билігі жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты. Жанымызда шетелдік студенттерді бақылайтын бөлім жетекшісі бар.

Универлердің көпшілігі карантин басталмай тұрып өз студенттерін елдеріне аттандырып үлгерді. Дәрігерлер бізге арнайы видеолар жіберіп, қауіпті індеттің қалай таралатыны туралы мәлімет берді. Маска үлестірді. Вирус жұқтырған жағдайда қайда хабарласу керегін айтты. Кейбір оқу орындарының басшылығы студенттерге арнап азық-түлік жеткізіп берді. Әзірге шыдауға болады», – дейді Айсұлтан.

Ухань қаласында білім алатын тағы бір қазақ студенті Аружан Бегманова, керісінше, мұндағы ахуалдың ушығып тұрғанын хабарлады. Ол Қазақстан билігі карантин аймағында қалған студенттерді елге қайтаруы тиіс деп есептейді.

«Қаладағы дүкен-дүңгіршектердің дерлігі жабылып қалды. Адамдар азық-түлікті талап алып кетті. Уханьдағы жағдай ушығып тұр. Тұманнан түк көрінбейді. Үйімді сағындым. Отбасым күтіп отыр. Мен секілді жүздеген жастар еліне қайтқысы келеді. Үкіметтің бұған қауқары жетер, Қазақстанға қайтқымыз келеді» деп жазған Аружан Іnstagram парақшасында.

Ол осындағы қазақ студенттерінің аман-сау екенін, сырқатқа шалдықпағанын айтқан.

«Бұған көз жеткізгісі келсе, бізді тексерсін. Ауру анықталмаса, елімізге жіберсін», – дейді Аружан. 




Көрілген: 2785    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 08:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29