Мәселе

Айыппұл сыбайлас жемқорлықты неге жеңе алмайды?

  • https://proza.ru/

    https://proza.ru/

Жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов атап өткендей, айыппұл мөлшері 10 еседен 20 есеге дейін ұлғайтылды.

 

Егер шенеунік пара ретінде 100 мың теңге алса, жаңа талаптарға сәйкес сот шешімі бойынша оған 2 млн теңге айыппұл тағайындалады.

 

Сондай-ақ, парақорлықтағы делдалдар үшін айыппұлдың еселік шегі екі есе өсті.

 

Саясаттанушы, қазіргі заманғы мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников айыппұлды көбейту арқылы мәселені шешу мүмкін емес деп санайды.

 

Оның пікірінше, посткеңестік елдерінің көбінде қоғамда қабылданған мінез-құлық мәселені шешуге кедергі келтіреді.

 

&ldquoКөптеген адамдар үшін ең бастысы &ndash өз миллионын, қымбат көлігін, сарайдай үйін, кеме және т. б. алу.

Бұл құндылықтар қоғамда үстемдік етеді, осы арқылы мансаптық өсудің сәттілігі немесе сәтсіздігі бағаланады.

Әзірге бұл жағдай осындай, сондықтан да кез &ndash келген репрессияға қарамастан сыбайлас жемқорлықтың негізі қалады&rdquo, &ndash дейді сарапшы.

 

Сыбайлас жемқорлық &ndash бұл нарық

 

Солонниковтың сөзінше, бұның бәрі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа әсер етеді.

 

&ldquoМұндай саясат төменгі баға диапазонындағы параны экономикалық тұрғыдан тиімсіз, мағынасыз етеді. Оларды тұрмыстық парақорлық деп те атайды. Ол жоғалады&rdquo, &mdash дейді сарапшы.

 

Бірақ, саясаттанушының пікірінше, сыбайлас жемқорлықты таза монетарлық әдістермен жою мүмкін емес.

 

Өз кезегінде, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис мәселеге кеңірек қарауды ұсынады.

 

&ldquoСыбайлас жемқорлық &ndash бұл тек пара ғана емес, сонымен қатар қызмет алмасу, фаворит болу, қамқорлыққа алу және тағы басқалар. Қуғын-сүргінге ұшырату және оны күшейтуге деген үміттің бәрі жай ғана иллюзия&rdquo, &ndash деді құқық қорғаушы.

 

Өлім жазасы жұмыс істемейді

 

Солонников: &ldquoЖазаны қатайтудың өзі сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоймайды, процедураның күрделенуіне әкеледі&rdquo,- деп  атап өтті.

 

&ldquoБір қытай тарихын еске түсірсек, онда тек шенеунік &ndash парақорды ғана емес, оның барлық туыстарын төртінші ұрпаққа дейін өлім жазасына кескен кездің өзінде бұл сыбайлас жемқорлықты тоқтата алмаған&rdquo, &ndash деді сарапшы.

 

Саясаттанушының айтуынша, Қытайдағы төрт мың жылдық қуғын &ndash сүргін мен қанды күрес нәтиже берген жоқ.

 

&ldquoБірақ Қытай тәжірибесінің тиімділігін тексеруге мүмкіндік жоқ. Ешкім эксперимент жасамайды. Яғни, мәселе репрессияда емес.&rdquo, &mdash деді сарапшы.

 

Парақорлық институтын туғызатын ортаның өзі өзгеруі тиіс

 

Жовтис парақорлық үшін жазаның қатаятынына күмәнмен қарайды:

 

&mdash Кез-келген репрессияның жоғарғы шегі бар &ndash ол өлім жазасы. Қытайдың тәжірибесі мұндай тәсілдің тиімсіздігін көрсетті.

 

&ldquoЕгер мәселені ақшамен шешу мүмкіндігі болса, оған баруға дайын шенеуніктер әрқашан болады. Тек айыппұл мөлшері Бизнестің жоспарланған шығындарына қосылады&rdquo, &ndash дейді құқық қорғаушы.

 

Не істеу керек?

 

Liberty ҚҚ басшысы Ғалым Ағелеуов баршаның заң алдындағы теңдігін қолдайды.

 

&ldquoЕң бастысы &mdash бұл қызмет бабын пайдаланыа рам жолмен жинаған жағдай үшін жазаның бұлтартпастығы&rdquo, &mdash деп есептейді сарапшы.

 

Жемқорлықты жеңу үшін, қолданылатын шаралардың топтамасы жасалуы керек деп есептейді Солонников.

 

&ldquoБірінші, ең қарапайымы &ndash шенеуніктердің заңды табысын арттыру. Пара алу тиімсіз, мардымсыз болатындай жағдайға дейін көтеру.

Егер шенеуніктің жалақысы жоғары болса, пара оның әл-ауқатына әсер ете алмайтындай болуы керек.

Екіншісі &ndash шешім шығарылатын істердің барлық рәсімдерін барынша оңайлату, сондай-ақ олардың толық ашықтығы мен жариялылығы. Бұл бюрократиялық аппаратты қысқарту және оның функцияларын барынша шектеу жолы.

Үшінші жол &ndash ұзақ мерзімді, бірақ ең тиімдісі. Бұл қоғамдық моральдың өзгеруі, жеке басының баюуынан гөрі басқа мұраттарға ұмтылатын адамды тәрбиелеу&rdquo, &ndash деп түсіндірді сарапшы.

 

Өз кезегінде Жовтис шенеуніктердің өзінің ойына қарай шешу өкілеттіктерін заңнан алып тастауды ұсынады.

 

&ldquoОлардың өз ойлары бойынша қандай да бір шешім қабылдауға мүмкіндігі болмауы керек. Заңдардағы қателіктерді жою және электрондық құжат айналымына көшу қажет. Сондай- ақ, расталмаған табыс фактілерін анықтау үшін шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелерінің табыстарына мұқият бақылау орнату қажет&rdquo, &ndash деп өз ойымен бөлісті құқық қорғаушы.

 

Бұл тәсілді шенеуніктер мен олардың отбасыларының құқықтарын шектеу деп сипаттауға болады, деп қосты сарапшы.

 

&ldquoБірақ бұл қылмыс емес&rdquo, &mdash дейді  Жовтис.

 

Қатаң бақылауда болғың келмесе, шенді қызметке жолама

 

Бұл шаралардың барлығы, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықтан толық құтылуға кепілдік бермейді, бірақ олар оның жүйелілігін жояды және оның деңгейін айтарлықтай төмендетеді, деп қорытындылады құқық қорғаушы.

 

 

 

kaz.365info.kz

 




Көрілген: 1317    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 00:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28