Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Айыппұл туралы ескі-фейк ақпарат желіде қайта жарияланды

11 ақпан 2021, 18:09

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар елімізде енгізілмек болған ұзақ өмір сүргені үшін салынатын айыппұлдар туралы ескі фейкті қайта таратуда деп хабарлайды stopfake.kz.

 

Бұл туралы ақпарат алғаш рет 2017 жылы шыққан, ал кейіннен оның авторы осылайша әзілдемек болғанын айтқан.

 

 

Қазақстан мұсылмандары одағы (ҚМО) ұзақ өмір сүргендерге «уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты, сондай-ақ зейнетақы қорындағы қаржы ресурстарының шектеулі болуына орай айыппұл салуды» ұсынғаны туралы жаңалық 2017 жылғы ақпанда Қазнетті дүрліктірді.

 

Бірден дерлік оның авторы, ҚМО жетекшісі Мұрат Телібеков бұл жаңалықтың жай әзіл болғанын мәлімдеді.

 

 «Әлемде әзілді күлкі фонограммасымен сүйемелдеу кең таралған, яғни адамдарға қай жерде күлу керек екені көрсетіледі. Бұл ойлау барысындағы өзіндік көмек түрі. Кейде өзгенің көмегінсіз ненің күлкілі, ненің маңызды екенін түсіну қиын», &ndash деп түсіндірді ол өз сұхбатында.

 

Мұрат Телібековтың өзі бір мағыналы емес, көбінесе ашық күлкілі идеяларымен танымал.

 

Мысалы, 2015 жылы ол жыныстық қарым-қатынас салығын бекітуді ұсынған. 2016 жылы &ndash Қазақстанның ұлттық валютасы теңгені «қуырдақ және бауырсақ» болып ауыстырылсын деп мәлімдеген. 2017 жылы жыныстық қатынас кезінде қозғалыс жылдамдығын шектеу және сақалдың ұзындығына, тығыздығына және түсіне байланысты салық салу туралы айтқан.

 

 

Бірақ бұл бастамалардың ешқайсысы ешқашан Үкіметте қарастырылмаған және заң жобасы болған емес.