Мәселе

Айзат Молдақасымова жаңа жұмысында жағдай жасалмағанына шағымданды

  • Айзат Молдақасымова жаңа жұмысында жағдай жасалмағанына шағымданды

    Айзат Молдақасымова жаңа жұмысында жағдай жасалмағанына шағымданды

Хамза Жұматов атындағы эпидемиология және гигиена Ұлттық ғылыми орталығының басшысы Айзат Молдақасымова орталықты қаржыландыру мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Молдақасымова желідегі парақшасында жазба қалдырып, орталықтың жағдайы мәз емес екенін айтты. Ол орталықтың әрең тұрған суреттерімен бөліскен.

"Өкінішке қарай, коронавирустың таралуы кезінде аса үлкен маңызға ие, ең қажетті орталыққа құзырлы органдар тарапынан көңіл бөлінбей отыр. Мен жөндеу жұмыстары мен айына үш рет келіп-кететін тексерулерге қатысты ештеңе айтқым келмейді. Тек қызметкерлерді аяймын. Біздің әлемдік дәрежесі бар эпидемиолог-ғалымдарға төлейтін қаражат болмағаннан кейін, соңғы үш жылдың ішінде олар жұмысқа жұмылдырылмай отыр", - дейді Айзат Молдақасымова.

Три месяца назад я была назначена руководителем филиала Научного центра гигиены и эпидемиологии им. Хамзы Жуматова НЦОЗ...

Опубликовано Айзат Молдагасимовой Воскресенье, 6 сентября 2020 г.
"Бірақ біздің арзан және көп шығынды талап етпейтін препараттарымыз ешкімге қажет емес секілді. Мемлекетке шетелдік қымбат дәрілерді алу әлдеқайда қызығырақ. Қазіргі таңда маған елімізге көмектесе алатын көптеген адамдардан хаттар келіп түсуде", - дейді Молдақасымова.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері лауазымын атқарған шенеунікті кейбір келеңсіз жағдайларға байланысты қызметінен босатқан. Ал белгілі бір себептерге баланысты қызметінен кеткен Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы эпидемиология және гигиена ғылыми орталығының басшысы қызметіне тағайындалған.  




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31