Мәселе

Азаматтық альянс президенті Салтанат Рахымбекова қайтыс болды

  • © strategy2050.kz

    © strategy2050.kz

3 тамызға қараған түні Қазақстан азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, профессор Салтанат Рахымбекова 55 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қаза туралы оның күйеуі Төлеутай Рахымбеков Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

 

"Менің Салтушам, менің Салтанатым мені мәңгілікке тастап кетті, бізді тастап кетті..." - деп жазды ол.

 

Салтанат Рахымбекова үш апта пневмониямен күрескен. 11 шілдеде күйеуі жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді.

 

"Аты өшкір пневмония менің отбасымнан сырт айналмады. Менің Салтанатым, менің сүйікті Салтушам жансақтау бөліміне түсіп қалды. Дене қызуы 39 және одан жоғары. Дәрігерлер мұны коронавирустан емес дейді, ал мен оларға сенемін. Салтанат жоспарлы емделу курсын өтіп жатқан, сол кезде пневмония анықталды. (...) Сондықтан біздің дәрігерлер, медбикелерден, санитар әйелдерден артық ешкім жоқ екеніне сенімдімін! Мені кешіріңіздер! Мен жеке басыма, отбасыма қатысты ешқашан жарияламайтын едім. Мына вирус ең жақсы адамдарды жалмап бара жатқанын білемін. Денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Алла мен аруақтардан бәрі және Салтушам үшін дұға етемін", - деп жазған болатын Төлеутай Рахымбеков.

 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30