Мәселе

Бағдарлама жабылсын: «Өз ойым» продюсері елдің айыптауына жауап берді

  • Бағдарлама жабылсын: «Өз ойым» продюсері елдің айыптауына жауап берді

    Бағдарлама жабылсын: «Өз ойым» продюсері елдің айыптауына жауап берді

Арын сатып, ақша тапқысы келген қыздың оқиғасынан кейін, қоғам белсенділері 7-арнадан шығатын "Өз ойым" бағдарламасын жабуды талап етті. Бағдарлама продюсері Жангелді Таңатбекұлы елдің айыптауына жауап берді, деп жазады Stan.kz.


"Біз қоғамда бар нәрсені талқылаймыз, ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген кейіпкер - актриса, ал біз - театр емеспіз. Оған келе ғой деп ақша да төлемедік. Керісінше студияға келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, "сол ақшаңды мен-ақ берейін" деп жанашырлық танытты.


Иә, біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмадық. Дегенмен өзін райынан қайтардық", - дейді продюсер.


Бұдан өзге, бағдарлама ұйымдастырушылары тақырыпты көрерменнің өзі таңдайтынын мәлімдеді. Айтуларына қарағанда, қазіргі көрермен салмақты, айтары бар тақырыпты қозғаған бағдарламаны көрмейді екен. 




Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31