Мәселе

Бағдат Манзоров өзінің босатылуына қатысты пікір білдірді

  • Бағдат Манзоров өзінің босатылуына қатысты пікір білдірді

    Бағдат Манзоров өзінің босатылуына қатысты пікір білдірді

Тергеуге түскен Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров "Алаяқтық" бабы бойынша оған қатысты қозғалған істің тоқтатылуына және одан әрі қылмыстық қудалаудан босатылуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда бірнеше уақыт бұрын тергеуде болған шенеунік өзінің тікелей міндеттерін орындауға кірісіп кеткен.


Бағдат Манзоровпен телеарна тілшілері телефон арқылы әңгімелескен. Ол жұмысқа шыққанын растаған.


Сондай-ақ, әкім орынбасары ұзақ уақыт жұмыс орнында болмағандықтан енді қолының босамай жатқанын атап өтті. Оған қатысты тоқтатылған іс бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарды ол өзінің адвокатына қоюға кеңес берді.


Мемлекеттік қызметкер қазір келіссөз жүргізіп отырғандықтан, сөйлесуге уақытының жоқ екенін хабарлаған.


"Қазір менде келіссөз жүріп жатыр, сөйлесе алмаймын, кешіріңіз", - деді Манзоров.

Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты саясаттанушы Расул Жұмалұлы пікір білдірді. Оның сөзінше, шенеуніктің ісі мемлекеттік органдардың қоғамнан жабық екенін тағы да көрсеткен.


Сарапшының пікірінше, осындай тергеулердің объективті екеніне күмән тудырады.


Расул Жұмалұлының айтуынша, алдымен халыққа әкім орынбасарының қылмыстық жазасы бар іс-әрекетке кінәлі екенін айтып, содан соң оны босатқаны туралы хабарлады.


Бірақ бұл ретте, шенеуніктің қатысы жоқтығын куәландыратын барлық мән-жайларды анықтау кезінде не болғаны белгісіз.


Бұл, өз кезегінде, әртүрлі болжамдар мен ойлар тудырады.


"Міне осы жерде күмән туа бастайды. Процесс әділ өтті ме? Бұл жерде іс қаншалықты телефон шалусыз өтті?", - деді саясаттанушы.

Автор: Әділ Өнербаев 




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

жұма, 01.11.2019, 09:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30