Мәселе

БАҚ: Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады

  • БАҚ: Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады

    БАҚ: Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады

Елімізде 32 педофил жыл соңына дейін бостандыққа шығады. Зорлық-зомбылық жасағандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалмайды. Олар шыққаннан кейін мінез-құлқына байланысты алты айдан үш жылға дейін полицияның бақылауында болады. Дегенмен, еркін өмірге оралған педофилдер қайта қылмыс жасайды. Психологтар мен құқық қорғаушылар осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Былтыр балаларға қатысты үш жүзден аса зорлық-зомбылық қылмысы тіркеліпті. Бұл тек белгілі болған деректер. Ал жыныстық сипаттағы әрекеттерді ата-аналар көп жағдайда жасырып қалады. Психологтарға жүгіну де сирек кездеседі.

 
"Мұндай жағдайға тап болған баланың психологиясына зақым келеді. Оны әп-сәтте емдеу мүмкін емес. Ол үшін ұзақ жұмыс істеу қажет. Зорлық-зомбылықтан аман қалған баланың мінез-құлқында ауытқу болып, өзіне зиян келтіруі де мүмкін. Бізде тек қыз баласы зорлық-зомбылыққа ұшырайды деген ой қалыптасқан. Өкініштісі, ұлдар да, жастар да жәбірленіп жатады", - деді "Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль.

Сотталған педофил бостандыққа шыққаннан кейін бұрынғы қылмысын қайта жасайды дейді психологтар. Бұған статистика дәлел. Қазіргі уақытта 2 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр, олардың 20 проценті педофил-рецидивистер.

 "Пенитенциарлық пробация заңдарына сәйкес, қылмыскерді бостандыққа шығарар алдында бір жыл бұрын дайындық басталады. Яғни әлеуметтік немесе басқа көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктері ескеріледі. Мысалы, егер сотталған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса немесе зейнетақы, жәрдемақы алу бойынша қандай да бір құжаттарды ресімдеуге мұқтаж болса, жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ босатылғаннан кейін оның жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сондықтан босатандыққа шыққаннан кейін жергілікті атқарушы органдар көмек көрсетеді", - деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы  Бибігүл Мұңайтпасова.

Сотталғандарды бостандыққа жіберу барысында зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдейді. Олармен психологтар да жұмыс істейді. Алайда құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл тиімсіз. Бостандыққа шыққандар қоғам үшін қауіпті. Себебі олардың 90 проценті өзгермейді дейді маман.

"Бізге ұсынылған кейсте 24 жастағы адамның мас күйінде жасаған үкімін зерттедік. Онда қылмыскер бүлдіршінге қатысты ауыр қылмыс жасады. Яғни ол жазықсыз баланы зорлаған. Біз бұл істен бас тарттық. Себебі мұндай адамдармен түрмеде психотерапевт, психолог, терапевт жұмыс істеуі керек. Бірақ бұл қызметтер кешені аймақ аумағында ұйымдастырылмаған. Бізде өкінішке орай, жүйе жоқ", - деді "Право" қорының жетекшісі Ольга Рыль.

Елімізде қылмыскерлермен қоғамдық ұйымдар да жұмыс істеуден бас тартады. Мысалы, АҚШ-та хирургиялық кастрацияға рұқсат етіледі, ал Германияда педофилдер мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. Оларда педофилдер туралы деректер ашық жарияланымда. Қазақстанда да осындай сайт бар. Әрбір ата-ана азғындардың мекен-жайына дейін барлық ақпаратты біле алады.




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.06.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31