Мәселе

Бақиға аттандыруды да бәсекелестікке айналдырып алған жоқпыз ба?

  • Бақиға аттандыруды да бәсекелестікке айналдырып алған жоқпыз ба?

    Бақиға аттандыруды да бәсекелестікке айналдырып алған жоқпыз ба?

Аты суық ажал ұғымын көбіне ауызға алудан қорқатынымыз да рас. Дегенмен, ерте ме, кеш пе өлшеулі өмірді кешіп бәріміздің де арғы дүниеге аттанатынымыз тағы да ақиқат. Осы ақырет күніне дайынбыз ба? Оған аз қаражат жұмсалмайды. Байдың барын шашатын, жоқтың артын ашатын да осы кез. Жөн-жоралғысымен жөнелту де артында қалғандарға үлкен сын. Соңғы әлетте марқұмды бақиға аттандырып салу да бәсекелестікке айналып бара жатқандай. Бар-жоғына қарамай, тыраштанып қарызданып қалып жатқандар да бар арасында. Мұндайда бір қайғының үстіне бір қайғы жамап алып жатқандар жетерлік. «Алаш айнасы» осы тақырыпқа орай екі-үш мысал келтірмек.
Үйінде үлкен қариясы барлар ерте бастан қамданатыны белгілі. Ал, аяқ астынан апатты жағдайда, не ауыр науқастан қайтыс болғандардың отбасы үшін тіптен қиын. Марқұм жұмыс істейтін болса зейнетақы қорынан қаржы бөлінеді. Оның өзі там-тұм. Жерлеу жұмысының бәріне жетеді деу тіптен мүмкін емес. Өлім туралы куәлікті алудың өзі апталарға созылады. Зейнеткер қайтыс болған жағдайда жерлеуге 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш құны төленеді. Ал, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне 35 еселенген АЕК мөлшерінде жерлеу жәрдемақысы бөлінеді. Жерді сатып алмаған күннің өзінде де көр қазушыға 7 мың теңге төлеу қажет. Жаназасын шығарған молдаға атағаныңыз мүлде бөлек. Одан кейін кей аймақтарда жыртыс тарату сәнге айналған. Бұрын беторамал таратушы еді. Заман алға жылжыған сайын оның да нешетүрлі сәні өзгеріп барады. Бүгінде әйелдерге арнап арнайы қалтаға бір пиала, айна, тарақ, ине, жіп, білезік, беторамал, барқыт мата салатын болған. Тап бір сыйлық сияқты. Ал, ерлерге шетіне құрғақ шәй түйілген ақ орамал ұсынылады. Одан кейін мол етіп жайылатын дастарханы, марқұмның жетісі, қырқы, жүз күндігі, жылы, асы бар. «Өлі риза болмай, тірінің байымайтынын» ескерген жақын жанашырлары қатардан қалмай осының бәрін абыроймен өткеруге тырысады. Оларды да түсінуге болар. Дегенмен дінімізде ысырапқа жол беруге болмайтындығы тайға таңба басқандай етіп жазылған емес пе? Оны ескергісі келмейтіндер баршылық.
Мұхамеджан ЕСТЕМЕСОВ, имам:
–Имамдар өлік шығып отырған үйге қиындық түспесін дейді. Бірақ қариялар сөзге тоқтап, айтқанын істесе ысырап болмас еді. Расында қазір жыртыс тарату тоқталмай отыр. Екі жағдайда ғана берілсе болады. Мәйітті жуғандарға, көр қазушыға берсе болады. Оны құлаққа ілмей ақша тарататындар, киіз, кілем тарататындар да бар. Ысырапқа жол берілмесін деп қанша айтылса да бұған тоқтау болмай келеді.

Расында ауылдағы ақсақалды қариялар имамды басшы етіп тағайындаған соң уәжге тоқтауы керек емес пе? Алайда бәрі керісінше. Естуімізше рухани астанамыз Түркістанда жыртыс тарату тоқталыпты дейді. Осы үрдіс барлық өңірге таралса қанекей. Негізі мұның бәрі де тойып секіретін бар адамдардың шығарғаны деуге болар. Жыртығын жамауға шамасы келмей жүрген жоқтар «сәнге» ілесуге де шамасы жоқ. Тойдың өзіне көңілі толмайтын қазекем қазалы жерде де аузы батырланып кем жерін кекетуден тайынбай келеді. Көптің көңілінен шығуға тырысып, сөзге қалмауды ойлағандар тыраштанады ғой, амал жоқ. Өлімнің өзін де бәсекеге айналдырған соң...
«Жерлеу бюроларының» қызмет көрсетіп келе жатқанына да біраз уақыт болды. Оның қызметін пайдаланушылар да аз емес. Бұл әсіресе жалғызілікті қарияларға тиімді. Осы бюроның мамандарының айтуынша екі жақ алдын-ала келісімшартқа отырады. Төлемді біржола толық төлеуге де, бөліп аударуға да болады. Қызмет ақысы 15 мың теңгеден бастап жоғарылай береді. Оның ішінде жерлеуге байланысты барлық рәсімдердің өз ақысы бар. Тірісінде әлеуметтік тобына қарай өмір кешетіндер бақиға аттанғанда да қай топтан екені білініп тұрады. Бай-бағландар елден асырып, тойдан артық етіп аттандырса, жоқ-жітік те шамасының келгенінше сөзге қалмауға тырысып бағады. Қарап отырсақ өлімнің өзін де бәсекелестікке айналдырып алғандаймыз. Бұған тоқтау бола ма? Осыны ойланып көрдік пе?

Автор: Арай Мақажанова




Көрілген: 1253    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.06.2014, 11:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қаңтар, 23:37
    Ақшаның азабы
    28 Желтоқсан 2021
    Өмірді жалмаған селфи

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31