Мәселе

Бала күтушілерге сенуге бола ма

  • Бала күтушілерге сенуге бола ма

    Бала күтушілерге сенуге бола ма

Балаңызды кімге аманаттап жүрсіз?

Елімізде сәбилерге қол көтеріп, бағалы заттарды ұрлап кететін күтушілер көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған әлеуметтік желіде желдей ескен шағымдар дәлел. Есесіне кәсіби бала тәрбиешісі жетіспейді. Мұндайда қайтпек керек?

1,5 жастағы сәбиді аямай таяққа алған күтуші үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жұмысбасты ата-ана балаларының шырылдап жылайтынын көршілерінен білді. Жедел камера орнатып, үйдегі жайды бақылап отыруға бел буған. Бекер емес екен. Сұмдық жайттың куәсі болған олар бірден құзырлы органға шағымданады. Баланың әкесінің айтуынша, жауыз күтуші әлі де жазаланбаған.

Осындай оқиға Раушан Оразаеваның да есінде бар. Танысы ұсынған күтушіні жұмысқа алған ол ақшасын ұрлатады. Балаларының қауіпсіздігіне де қатты алаңдады. Бірақ сенімді күтуші таба алмаған.

&ndash Сенім болғаны маңызды. Мен әр күтушіге күдікпен қарайтын болдым. Оның жақсы адам екенін жүрекпен сезсем ғана жұмысқа қабылдаймын деп шештім. Міндетті түрде күтушінің бұрынғы жұмыс берушісінен мінездеме сұраймын. Балаларыңның пікірін де сұрау керек. Баланың қауіпсіздігі мен үшін өте маңызды, - дейді қала тұрғыны Раушан Оразаева.

Мамандар мұндай жағдайдың жиілегенін айтады. Себебі оларға кәсіби күтушілерді іздеуден гөрі таныс арқылы тапқан сенімді әрі тиімді көрінеді. Өкінішке қарай, шын мәнінде балаға жанашыр күтушілер тым сирек.

&ndash Ақша үнемдеуді қалайтын ата-аналар бар. Оларды да түсінуге болады. Мұндай қызмет түрін ұсынатын заңды ұйымдар барын білмеуі де мүмкін, - дейді «Әулет персонал» агенттігінің директоры Гүлнәр Шағамбаева.

Үнемдемейтін, есесіне талапшыл ата-ана да бар. Шарттың басында күтушінің тиянақтылығы, тіл білуі, тәжірибесі тұр. Бірақ мұндай мамандар елде тапшы. Сондықтан елордадағы «Әулет персонал» агенттігі білікті күтушілерді дайындауға тырысады. Арнайы курстан өткен маман ғана бала бағуға жіберіледі.

&ndash Күтуші болу үшін арнайы мамандық игеру қажет емес. Бұл аса жауапты жұмыс қой. Сондықтан қиындыққа шыдамайтын адамдар тұрақтамайды. Бастысы, баланың қауіпсіздігі. Баланы жанындай жақсы көретін қыздарымыз сүйікті ісімен айналысып жүр. Олардың жалақысы 100 мың теңгеден басталады, - деді «Әулет персонал» агенттігінің директоры Гүлнәр Шағамбаева.  

Естімеген елде көп. Баланың ғана емес, күтушінің де қауіпсіздігі маңызды. Бала тәрбиешісін байлап ұстап отырған ата-аналар бар екен. Ақмола облысында Өзбекстан азаматшасын жұмысқа жегіп ақшасын да, құжатын да бермей келген жанұяға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

&ndash Қазіргі уақытта оны астанаға алып келдік. Қазіргі уақытта ол приютта жатыр. Әлеуметтік құқықтық көмектер көрсетілуде. Қылмыстық іс қозғалды, - дейді «Қорғау астана» қорының директоры Сұлтан Марат.

Міне, қоғамды алаңдатқан жайттар осы. Мамандар баланың болашағы үшін желідегі жарнамаға сенбей, кәсіби күтушілермен етене жұмыс істеуге кеңес береді.

Авторлар: Мерей Мұратханқызы, Жандос Сұлтанғазы




Көрілген: 1417    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 01:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31