Мәселе

Бала-шағасының көзінше итін асып өлтірген Алматы тұрғыны жаға ұстатты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Бала-шағасының көзінше өз итін асып өлтірген алматылықтың әрекеті жұрттың жаппай ашу-ызасын тудырды. Жантүршігерлік көріністі көршілері ұялы телефонға түсіріп алған. Олардың айтуынша, жануардың жанын алмас бұрын әлгі жігіт оны өлімші етіп сабаған көрінеді. Итті тірідей темір арқанға асқан еркекті жануарларды қорғаушылар да қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр.


Жантүршігерлік жайт, міне, мына аулада болған. Иесінен таяқ жеп қыңсылаған иттің ақыр соңында жан дауысы шыққан. Ащы дауысқа ытқып шыққан көршілері асылып тұрған жануарды көріп, жағасын ұстаған.


Алтынай Бұлғарова, оқиға куәгері:


- Мыналар жүгірді. «Не боп қалды?» деп едік, ана жерге асып қойғанын көрдік.


Көршілері иттің жарты сағаттай асылып тұрғанын айтады. Жұрт шулап қоймаған соң, шешіп алыпты. Байғұс ит бұған дейін де талай мәрте иесінен таяқ жеген екен. Бірақ «қой» деуге ешқайсының дәті бармаған.


Алтынай Бұлғарова, оқиға куәгері:


- Алдында да бір даусы шыққан. Онда да ұрды, жанын шығарып тұрып ұрды. Дұрыс емес енді. Дұрыс болмаса да, не істейсің оған? Ештеңе істей алмайсың ғой.


Бәрінен сорақысы, болған жайтты бастан-аяқ есік алдында ойнап жүрген бала-шаға көрген. Бірақ, иттің иесін бұл да тоқтатпапты. Керісінше, жануардың жаны шыққанша қызықтап қарап тұрған көрінеді.


- Басында қаңқылдап, тірі боп тұрған кезінде аяғы, денесі бәрі қозғалып тұрған. Келесі үйне кіріп шыққанда ит бір қалыпты болып қалған. Қозғалмайды орнынан.


Асылып тұрған иттің кадрлері әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен соң оқиға болған үйге жануарларды қорғаушылар мен полицейлер жетіп келген. Оларға үй иесі итті балапандарға тиіскен соң асқанын айтып түсіндірген. Бірақ, белгілі болғандай, ит тұрмақ, адамның миын қайнатқан мына шіліңгір ыстықта үй иесі жануарына не тамақ, не су бермеген екен. Ішегі-ішегіне жабысқан жануар содан тауық қораға ауыз салған болуы мүмкін. Десе де, отағасы ит тірі деп бет бақтырмай отыр. Айтуынша, далаға қуып жіберіпті. Бірақ, балалы үйде ұрлық жатпасы белгілі.


- Әйелі арбаны алды да, ана жақа апарып тастап кетті ғой деймін. Оны білмеймін, бірақ арбамен келе жатты әйелі былай үйіне қарай.


Иттің иелері бізбен тілдесуден бас тартты. Жалпы, жауарларды қорғаушылар мұндай азаматтардың жазалануы өте сирек жағдай екенін айтады. Мәселен, өткен аптада екі оқиға болған. Бірінде итті күрекпен ұрып өлтірсе, екіншісінде иесі орталық саябақта адамдардың көзінше тепкілеп тастапты. Бірақ ешкім саусақ ұшын да қимылдатпаған. Енді тілсіз жануарды темір арқанға асқандар жауапкершіліктен сытылып кетпесе екен деп отыр.


Аксинья Маковецкая, Жануарларды қорғаушы топтың еріктісі:


- Әлгі еркектің өзі де әйелі де иттің обалына қалдық деп тұрған жоқ. Полициямен бірге барғанымызда: «менің итім, өзім білемін» деп тұр. Тіпті, бала-шағасының психикасын ойлап тұрған жоқ. Балалары кішкентай. Иттің өлгенін бәрі көрген.


Полицейлер кінәлілерді жазалаймыз деп сендірді. Олардың айтуынша, қылмыстық тергеу басталып, итті қинап өлтіргендер 5 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.


www.ktk.kz


 


 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 13:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31