Мәселе

«Балағаттап, қорлады»: Алматы облысындағы шенді полицейдің дауысы жазылған аудиоматериал тарады

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Алматы облысында полиция полковнигінің үстінен қызметтік тексеру басталды. Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының бастығы Жақсылық Алтынбаев қоластындағы қызметкерлерді балағаттап, қорлаған деген күдікке ілінді деп хабарлайды sn.kz.

 

Әлеуметтік желілерде Ж.Алтынбаевтың дауысы жазылған аудиоматериал тарап жатыр. Онда шенді полицей бұрын өзінің қалай жұмыс істегенін, бастықтарының тапсырмаларын қалай орындағанын, бұйырқты орындау мақсатында қой таратуға дейін барғанын әріптестерінің алдында айтады. Алайда, «жол көрсеткен» бастықтарының сөзін полиция қызметкерлері диктофонға жазып алып, көпшілікке таратып жіберген. Енді аталған жағдайға қатысты тексеру жүргізілмек.

 

«Алматы облысы полиция департаменті бұл жарияланған материал бойынша талдау өткізгені жайында хабарлайды. Осыған байланысты, Алматы облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы аудиожазбадағы дауыс иесін анықтау үшін фоноскопиялық сараптама тағайындап, қызметтік тексеруді бастады. Сонымен қатар, лауазымды тұлғаның жарияланған фотосуреті апта сайын бөлімше басшылығымен өткізілетін тікелей эфирлердің Instagram контентінен алынғанын хабарлаймыз.Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаның іс-әрекеттеріне заңды түрде баға берілетін болады», -деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Қызметтік тексеру шеңберінде Еңбекшіқазақ ауданының ІІБ барлық жеке құрамы да аталған жағдайға қатысты түсініктеме береді. Бұдан бөлек, бөлімшедегі моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында жасырын сауалнама да жүргізілмек.

 

 

 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 19:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30