Мәселе

Балажан ананың құрсағынан кеткісі келмей қалған тамшы-тағдыр бізді көп балалы еткен!

  • Балажан ананың құрсағынан кеткісі келмей қалған тамшы-тағдыр бізді көп балалы еткен!

    Балажан ананың құрсағынан кеткісі келмей қалған тамшы-тағдыр бізді көп балалы еткен!

Времянкада тұратын кезім. Екі балам бар.

Көмір жағып, күл шығарамыз. Ешқандай жағдай жоқ. Трассаға дейін 1км жол жүреміз. Батпақ, балшық. Өзім "Ақ жол Қазақстанның" журналисімін.


Не үшін жаңа босанған екі айлық қызымды үйге тастап, қайта жұмысқа шықтым?

Неге мен бір жарым жасар ұлыма тамақ жасап беріп, екі айлық бөпемді еміреніп емізіп отырмадым?

Кеше үйі өртеніп, бес сәбиінен айырылған Жанымкүлді ойлағанда белім ауырды!..

Өйткені бір кездері мені де үйде отырғызбаған үйсіздік, жағдайсыздық еді...

Егер сенің дайын үйің болса, күйеуіңнің айлығы бәріне жетіп тұрса, аязға, ыстыққа шығып жұмысқа кете бару не керек?!.

Жаңа босанған адамда онсыз да күйзеліс болады. Онсыз да денсаулығың сыр беріп тұрады. Оны одан бетер құрту өзіңе дұшпандық әрине.

"Ана баланы таңдамайды, бала ананы таңдайды"деген оймен келісемін. Балажан ананың құрсағынан кеткісі келмей қалған тамшы-тағдыр бізді көп балалы еткен!

Ия, бүгін бәрі әншілерді сөз қылуда. Кіналауда. Ақтасам да жараспас. Өзіме жауап берейін!

Әрқайсысы шауып әр жақта жүрген шығар?! Бірдеңе жазуға сауаты да жеткіліксіз болар?! Аспан мен жердің ортасында ұшып жүрген адамның өз стресі болады. Көп нәрсеге кеш реакция береді.

Бірақ олар да күні кешеге дейін пәтерде, күйсіз жүргені хақ.

Бізге жауап беретін ел тізгінін ұстаған азаматтар, халық қалаулылары болуға тиісті!

Өйткені әншінің басқа пендеден айырмасы жоқ!

Мысалы біз Астанада пәтер жалдап тұрамыз қазір. Үлкеніміз студент. Қалғаны мектепте. Бес баламыз бар. Папамыз жұмыс істейді. Бірақ ол жеті адамға әлі де жетпейді. Айына екі жүз мың теңге пәтерге беру де оңай нәрсе емес. Кетейін десек, балаларды тағы да "қозғау" өзімшілдік.

Тойға барып "қырып кететіндей" көретін шығар, тойдың көбі тегін. Бізде де туыс, дос-жаран бар.

Концерттен пайда шамалы. Екі сағат берген концертіңе адам бірде толады, бірде жолың бар, жатын орның бар,ерткен адамың бар, ұйымдастырушыдан да артпай жатады.

Көбіне әуежайдан билет ала беріп, тапқанымызды сол жаққа құйып беріп жатамыз.

Әр көйлек пен өңдетудің ақшасын айтсақ, естіп - байлар да жылайды.

Өйтпей ме, бүйтпей ме деп бөліп тастап отырғандарға арнайы жазып отырмыз.

Әлі де үйден шығып бара жатып, осы балаларды жеткізбей тыным болмайтынын ойлап, лажсыз Аллаға аманаттап кетіп бара жатамыз...

Баланың жағдайы қазір екі жастан басқа ешкімге керек болмай қалған заман болды. Оның тәрбиесі жайлы да сөз есітетін ең бірінші анасы...

Бұл жағдай күллі қазақтың халі. Жастардың жағдайы. Сондықтан бөлініп емес, бірігіп үн қатайық!

Атымды шығарып, абырой жинап айқайлағым келмейді. Ой білдіруге хақым бар бірақ! 


Роза Әлқожа

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 19:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30