Мәселе

"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 

"Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған", - делінген хабарламада.

 

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

 

"Ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген жалған ақпарат болып саналады. Қазір аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр, ішінде бір ғана бала бар. Он айлық нәрестеге суықтан пайда болған пневмония деген диагноз қойылды. Сәбидің жағдайы жақсы, жақында үйіне шығарылады", - дейді Әбдірахманов.

 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті. Пневмонияға шалдыққандар 13 280 науқас болды. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан 1269, ал пневмониядан 164 адам қайтыс болды.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.08.2020, 22:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30