Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Балалар қатерлі аурудан көз жұмбауы тиіс!»

27 қаңтар 2011, 18:26

Елімізде жүрек ақауымен дүниеге келген сәбилер өзіміздің ауруханаларда емделетін болды. Бұл туралы Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Қазақстан қайырымдылық қорлары қауымдастығының өкілі Әсел Ізбасарова мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, жүрек ақа­уымен туған нәрестелер бір жасқа тол­ған­ға дейін емделуі қажет. Дер кезінде жа­сал­ған операциядан кейін сәбилер тез оңалып кетеді, олардың толыққанды өмір сүрулеріне мүмкіндік те мол болмақ. Жал­пы, Қазақстанда жүрек кемістігімен дү­ние­ге келген сәбилерді емдейтін үш мекеме бар. Олар: Алматыдағы  Н.Сыз­ғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия ор­талығы, Астанада орналасқан балалар кар­диохирургиясы орталығы және Қа­ра­ғанды облысаралық жүрек-қан та­мыр­лары хирургиялық диспансері. Алай­да бұлардың бірде-біреуінің туабітті жү­­рек ақауына шалдыққан нәрестені ем­деп-жазуға қауқары жеткіліксіз бо­лып отыр. «Жыл сайын туабітті жүрек нау­қасымен дүниеге келетін 3000-нан астам сәбидің дені бір жасқа дейін шұ­ғыл операция жасауды қажет етеді. Ал біз­дің ауруханаларымызда оған қажетті құ­рал-жабдық жоқ. Соның салдарынан нау­қас сәбилердің 10-15 пайызы ғана опе­рация уақытына аман жетеді», – деді Н.Сыз­ға­нов атындағы ұлттық ғылыми хирургия ор­та­лы­ғы­ның кардиохирург дәрігері Қайрат Қуат­­беков.
Осыны ескерген Қайырымдылық қор­лары қауымдастығы қазақстандық кли­ни­каларды қажетті медициналық құ­рыл­ғы­лармен қамтамасыз ету мақсатында «Ба­­лалар қатерлі аурудан көз жұмбауы тиіс!» атты ізгілік шарасын өткізді. Соның нә­­тижесінде Н.Сызғанов атындағы ұлт­тық ғылыми хирургия орталығы жаңа ту­­ған нәрестелерге операция жасайтын ар­­найы құралдармен жабдықталды. Со­ны­мен қатар орталық қызметкерлері, кар­дио­хиругтер мен анестезиолог мамандар ше­тел­дегі әріптестерінен тәжірибе жи­нақ­тау­ға мүм­кіндік алып отыр.