Балалар неге қатігез?

24 қараша 2022, 12:10

Баланың ересектікке өту кезеңі біреуде қалыпты, енді бір
балаларда өте ауыр өтеді. Осындай өтпелі кезеңдерде 13-17 жас
аралығындағы жасөспірімдерің ұрыншақ болатыны белгілі. Бұл
жастағы балалардың кейбіреуі жеңіл-желпі тәртіп бұзушылықтар
жасап, ата-анасынан, мұғалімдерінен жазасын алып жатады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің арасында өрескел заң бұзушылықтар мен қылмысқа баратындары да бар.

Кейінгі кезде кәмелет жасқа толмаған балалардың арасындағы қылмыстың өсуі, ауыр қылмыс түрлерінің артуы бүкіл қоғамды толғандыратын мәселеге айналып отыр. Құқық қорғау орындары қызметкерлері келтірген мәлімет бойынша, жасөспірімдер ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық секілді қылмыстарға жиі барады екен. Негізінен балалар арасында қалта телефоны, планшет ұрлығы белең алған, одан бөлек ересектеу балалардың өздерінен жасы кіші балаларды бопсалап, ақша талап етуі секілді фактілер де кездеседі. 15-16 жастағы балалардың зорлық-зомбылық жасауы, жануарларға деген қатігез
әрекеттері, тіпті адам өлтіруге дейін баратындығы жайлы да құлағымыз
шалып қалады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бірқатар баптарында қылмыс құрамына тікелей қатысты мотвациялық элеметтер көрсетілген. Атап айтқанда бұзалқылық мотиві, пайдакүнемдік, кек алу, қызығу мен құнығу секілді мотивтер қылмысқа себеп болады. Осылардың ішіндегі жастарға тән мотивтер – әсіресе қызығу, құнығу, құрдастарының алдында мақтану, бұзақылық, кек алу.
Жасөспірімдер мен жастардың арасында қылмысқа баратындардың 90-
95 пайызы ер балалар. Жеткіншектердің қылмысқа баруына не себеп дегенге келсек, олардың басы көпшілігі оқу-білімге ден қоймайды, бос уақыттарын қаңғыбастыққа, құмар ойындарға, ішімдік пен нашақорлыққа, жыныстық және нәпсіқорлық әрекеттерге жұмсайды. Ерте жастан маскүнемдіккке, нашақорлыққа, құмар ойындарға құмартқан балалар өөздерінің осы қызығушылықтарына ақша табу үшін де қылмысқа барады.
Бесіктен белі шықпаған балалар неліктен қатігездікке, қылмысқа
барады. Бұған кім кәнәлі? Адам өмірге қылмыскер болып келмейді ғой.
Қылмыс жасаған балалардың отбасылық жағдайын, жүрген ортасын
зерттеген мамандар бала бойында жаман қасиеттердің қалыптасуы тікелей тәлім-тәрбиеге, отбасының материалдық жағдайына қатысты екенін алға тартады. Баланы тым еркелетіп, қалтасын ақшаға толытырып, дегенін жасаудың да соңы жақсылыққа апармайды. Керісінше баланы тарықтырып, оның немен айналысып жүргенін қадағаламау да дұрыс емес. Яғни, баланың қылмыскер болуына мың сан себеп бар екенін де ескеру керек. Бұған үлкендердің әсері орасан.
Жасөспірімдердің жан-дүниесі нәзік, сезімтал келеді. Олар
үлкендерден естігенін, көргенін, іс-әрекеттерін айна-қатесіз бойларына
сіңіріп алады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары үлкендер жасаған
қылмыстарды егжей-тегжейлі сипаттап жазып жатады. Ал ақыл-ойы әлі
толыспаған жасөспірімдер осы қылмыстарды қайталап жатады. Сондай-ақ қазіргі заманда қатігездік пен қылмысты насихаттайтын түрлі ақпарат
көздері, әсіресе әлеуметтік желілер мен сайттар балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізуді.
Алматы қаласындағы өткен жылғы көрсеткіштерге көз жүгіртсек,
Алматы қалалық Полиция департаменті мамандарынуң айтуынша, қаладағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс 37,4% төмендеген. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер жасаған ауыр қылмыс түрлерінің саны 31,6% төмендеген. Ал кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 48,8%-ға азайған.
Алматы қалалық Полиция департаменті жергілікті Полиция қызметі
басқармасының бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат
құралдарының қатысуымен жеті жалпықалалық жедел-алдын-алу іс-
шаралары өткізілді. “Жасөспірім”, “Демалыс”, “Қауіпсіз мектеп”,
“Жақсылық бәріне қол жетімді” секілді іс-шаралардың нәтижесінде 396
жасөспірім мен 340 қолайсыз отбасы анықталып ішкі істер органдарына
тіркеуге алынған. Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына
қараусыз қалған 210 бала орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың
22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында және 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 3420 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді полиция қызметкерлері.
Мұрат Әуенұлы, полиция қызметкері:
–Ең қынжылтатыны, жас қылмыскерлер өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс
деп санайды, жауапкершілікті сезінбейді, ұят, ар-намыс дегеннен
жұрдайылығы. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің көбі ызақор, кекшіл боп келеді. Қылмыскер балалардың арасында ақыл-ойының кемістігі бар, жүйке ауруымен зардап шегетіндері де болады. Ал негізінен қылмысқа баратын балалардың барлығы дерлік ата-ана тарапнан бақылаудың жоқтығынан, жүгенсіздіктен тәрбиенің әлсіздігінен, ерте жастан жаман қылықтарға әуестеніп, үйден қашқандықтан өмірлерін өксітіп жүргендер. Жасөспірімдер арасындағы азайту мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері барынша күш салады. Балалардың болашақ өміріне балта шаппау үшін қылмыстардың алдын алуға тырысамыз. Дегенмен әр баланың
ата-анасы баласы үшін жауапты екенін естен шығармаса екен деймін.

Айгүл Асқарбаева, мұғалім:
Бүгінле баласының тәрбиесін мұғалімге артып қоятын ата-аналар
бар. Өзінің ата-анасын адам санамайтын жасөспірімдер мұғалімнің
де тәрбиесіне қалай бой ұсынсын. Алдымызға келген әр балаға білім
ғана емес, тәрбие беруге тырысамыз. Дегенмен қазіргі балаларға
сыртқы факторлардың әс ері күшті. Кейбір жасөспірімдердің ауыр
қылмыстарын естігенде жаның түршігеді. Ондай қылмысқа
балалардың психикасына зиян келген деп есептеймін. Менің
байқағаным, балалар отбасындағы ата-анасының ажырасқанын,
жанұядағы кикілжіңді өте ауыр қабылдайды. Біз, үлкендер
баламыздың болашағын ойламай, өзіміздің жағдайымызды күйттеп
кетеміз. Сөйтіп өз баламызды қылмысқа итермелеп жүргенімізді
байқамаймыз. Жалпы бала тәрбиесі өте күрделі дүние ғой.
Сондықтан елімізің болашағы жарқын болсын десек, ел болып, жұрт
болып, ата-ана, мұғалім, жалпы қоғам болып балаларымызды
тәрбиелеуге күш салуымыз керек.

Айнұр Сенбаева