Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Балалар үйінде өстім»: жолдасынан 6 жыл бойы зәбір көріп жүрген атыраулық келіншек көмек сұрайды (ФОТО)

15 ақпан 2020, 11:05

Ана мен бала үйіндегі қызметкерлермен жолдасым сөйлесіп, «енді арақ ішпеймін, ұрмаймын, соқпаймын» деп алып кетті. Амалдың жоғынан сол сөзге сеніп баруыма тура келді, басқа баратын жерім болмағасын.

Барар жері, басар тауы жоқ атыраулық келіншек көпшіліктен материалдық көмек сұрайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұл жетім өскен әйел 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардабын шегіп келеді екен.

Ару есімді келіншек өзегін өртеген мәселесін танымал блогер Дәулетке жазуды жөн санапты. Қазақтың Дәулеті оның өтінішін жерде қалдырмай, Instagram-парақшасына суретімен қоса жазған хатын жүктеді. Және ол көмектесе алатын адамдар болса, қол ұшын созуын сұрайды.

«Аты жөнім Жакупова Ару 1995 жылы Атырау қаласында дүниеге келдім. Кішкентайымнан ата-анамды көрмедім, балалар үйінде өстім. 2013 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым нашар, арақ ішіп, ұрып-соғып, күн бермейді. Үш балам бар, төртіншісіне аяғым ауыр болған. 18 аптада ерте босанып, балам шетінеп кетті. Жолдасымнан зәбір көріп жүргеніме 6 жыл болды. Ұрғанымен қоймай, пышақпен, балтамен үйден қуады.

 

 

 

Баратын жерім болмағандықтан, Ана мен бала үйіне барып, екі ай тұрдым. Ана мен бала үйіндегі қызметкерлермен жолдасым сөйлесіп, «енді арақ ішпеймін, ұрмаймын, соқпаймын» деп алып кетті. Амалдың жоғынан сол сөзге сеніп баруыма тура келді, басқа баратын жерім болмағасын. Содан 7 ақпаннан бастап шарасыздыктан бірге тұрып жатырмын. Баламен баратын жерім болмағасын сізге жазып отырмын.

Жұмысқа орналасып, аяқтан тұрып кеткенше маған материалдық тұрғыда көмек қажет болып тұр (балаларымды садикке орналастырып, өзімнің жұмысқа кіруіме және тұратын жерімді шешіп берсеңіз). Ешқандай жұмыстан қашпаймын.

Өтініш, менің жағдайымды жауапсыз қалдырмаңызшы! 6 жылдан бері көрген күнім осы. Мұрнымды сындырып, больницаға да түстім. Ондағы полиция хаттамасын толтырғаннан кейін де хабар болмағасын, өзім барғанмын. 1,5 айдың ішінде ісім еш қараусыз жатты. «Неге бұлай, үстеріңізден шағымданамын» десем, «жоғарыда көкең отыр ма не?» деп кекетіп шығарып салды. 3 балам жетім қала ма деген қорқыныш бар", - деп ағынан жарылды жас келіншек.