Мәселе

Балаларға қатысты жыныстық қылмыстың жазасын қатаңдатуға қатысты заң күшіне енді

  • Балаларға қатысты жыныстық қылмыстың жазасын қатаңдатуға қатысты заң күшіне енді

    Балаларға қатысты жыныстық қылмыстың жазасын қатаңдатуға қатысты заң күшіне енді

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз ішкі істер министрлігінің дәстүрлі баспасөз конференциясында айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандар үшін  жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер әзірленіп, Парламентке енгізілді. Бұл түзетулер 11 қаңтарда заңды күшіне енді. Осылайша, балаларға қатысты жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік күшейтілді. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасалғандарға санкциялар қатаңдатылды, - деді ол. 
Ораз айтқандай, мәселен, Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Зорлау қылмысы бойынша» айтатын болсақ, қылмыстық топ құрамында жасаған қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін көбейтілді. 

Өгей әкесі мен педагогтің осындай қылмыс жасағаны үшін 17 жылдан  20 жылға дейін көбейтілді. Бұрын бұл норма 12 жылдан 17 жыл аралығында болатын. Осындай өзгерістер қылмыстық кодекстің 121,122, 134,144,312- баптарына енгізілді. Бұл бастама кәмелетке толмағаен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ауыздықтайды деген үміт бар, - деді ол.

baq.kz




Көрілген: 1441    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31