Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балалы отбасының ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін

16 наурыз 2023, 09:02

Қазақстанда балалы отбасының ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сенат депутаттары бірінші оқылымда кейбір заңнамалық актілерге іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады.

 

Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар қарайтын істердің аясын кеңейтумен байланысты. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен некені бұзу және мүлікті бөлу туралы азаматтық істерді кәмелетке толмағандар және отбасылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне беру жоспарланып отыр.

 

Апелляциялық сатыдағы соттың істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай мәні бойынша қарау өкілеттігі де кеңейтіледі.

 

"Бұл сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етіп, азаматтардың, кәсіпкерлердің және басқа да тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдетеді", - деді сенатор Айнұр Арғынбекова.