Мәселе

"Балам жүре алмай қалды": Алматы ықшам аудандарының бірінде тұрғындар судың жоқ екенін айтып шағымданды

  • "Балам жүре алмай қалды": Алматы ықшам аудандарының бірінде тұрғындар судың жоқ екенін айтып шағымданды

Тастыбұлақ ауылы қала құрамына 7 жыл бұрын қосылған. Алайда осы уақыт аралығында ешқандай өзгеріс болмады дейді тұрғындар. Ықшам ауданға ауыз су қосылмаған. Сондықтан кейбірі суаруға арналған суды тұтынып отырғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Тастыбұлақ ауылы бұрын саяжай болған. Қала құрамына 7 жыл бұрын қосылғанымен, мұнда ауыз су жоқ және жолдың да жөнделмегенін айтады. Ал су тасушылардың бағасы қымбат. Судың 6 текшесі үшін 20 мың теңге төлеу қажет дейді. Сондықтан тұрғындардың кейбірі суаруға арналған суды тұндырып, тазалап ішіп отыр. 

 
"Мұндағы адамдардың көбі үнемдеп, суаруға арналған суды ішеді. Бұл – ашық арықта ағып жатқан су. Мұнда түрлі заттар жатуы мүмкін", - дейді Эльвира Абилева. 

4 баланың анасы Әсемгүл Каймалованың айтуынша, отбасыға суды сатып алу тиімсіз. Сондықтан туыстарынан тасуға мәжбүр болып отыр. Балаларын жуындыру үшін күніне 20-30 литр су қажет екен. Тамақ дайындап, өзге де қажеттіліктерге жету үшін күйеуі күнара су тасиды дейді. 

“Қыста суды ыдысқа құйып қоямыз. Тұнған соң, тазалап ішеміз. Менің балам инфекциядан кейін ауруханаға түсті. Бірнеше ай ауруханада жаттық. Уланғаннан соң балам жүре алмай қалды”, – дейді Елена Иванченкова.

Ықшам ауданға су тарту үшін мердігерлер көшелерде қазу жұмыстарын жүргізіп, құбыр тартқан. Алайда судың келмегінін айтады. Бірақ жолды жөндеуге ешкім асықпайды. Жол нашар болғандықтан, жедел жәрдем де келуден бас тартады екен. 

Аудан әкімдігіндегілер қала құрамына қосылған сегіз ықшам ауданның бесеуіне су тартылғанын мәлімдеді.

"Қалған үш ықшам аудан келесі жылға қалдырылды. Жұмыстар келесі жылы толығымен аяқталады. Келешекте бұл жобалар "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына беріледі. Сонымен қатар тапсырыс беруші – Алматы қаласы энерготиімділік басқармасы. Қазір магистральды су құбыр желісі салынып жатыр", - деп түсіндірді Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен Қодаров. 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31