Мәселе

«Баламды бір көруге зар болдым»: бұрынғы күйеуі балаларын тартып алған әйел жанайқайын айтты

  • «Баламды бір көруге зар болдым»: бұрынғы күйеуі балаларын тартып алған әйел жанайқайын айтты

    «Баламды бір көруге зар болдым»: бұрынғы күйеуі балаларын тартып алған әйел жанайқайын айтты

Күйеуінің жиі таяққа жығып, тіпті, енесінің де соққының астына алғанын мәлімдеген болатын.

Қарағанды қаласының тұрғыны Мадина Сүлеймен бұрынғы күйеуі Марат Қалиевке қарсы өткен сот отырысында жеңіске жетті. 27 жастағы келіншек үш баласының екеуін бермей, ортаншы ұлын жарты жыл бойы өзіне көрсетпеген бұрынғы күйеуімен дауласқан болатын. Сегіз рет өткізілген сот отырысында судья балаларды анасымен, яғни, Мадина Сүлейменмен қалдыру туралы шешім шығарды. Ал бірнеше айдан бері ұлы мен қызын көруге зар болған келіншек KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат беріп, осы аралықта басынан кешкен қиындықтарын ешкімге де тілемейтінін айтты.

Айта кетелік, Мадина Сүлеймен әлеуметтік желіде үндеу жариялап, күйеуі Марат Қалиев пен оның отбасынан түрлі қысым көргенін, күйеуінің жиі таяққа жығып, тіпті, енесінің де соққының астына алғанын мәлімдеген болатын. Жас келіншектің тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырған жоқ. Мадинаның айтуынша, заңды түрде ажырасса да, бұрынғы күйеуі тарапынан моральді және психологиялық қысым мүлде тоқтамаған. «Бұрынғы күйеуім мені мазалауын тоқтатқан емес. Әсіресе, ақпан айының соңында одан әрі үдете түсті. Телефоннан дауыс көтеріп, балағаттап, аузына келгенін айтты.

«Сен балаларды не істейсің? Сенің бала қарайтын мүлде жағдайың жоқ. Балалардан бас тарт» деп қоқан-лоққы көрсетуден шаршаған жоқ. Ал 5 наурыз күні оның балабақшадағы қызыма барғанын естідім. Қызым Жанияны да алып кетеді деген қорқыныштан қалтырап, балабақшаға қалай жеткенімді де білмей қалдым. Ол менің рұқсатымсыз қызыма келіп тұр екен. Оны алып кетпесе де, солай келгенінің өзі мені қатты қорқытты. Маған психологиялық шабуылдар жасаған соң, өзімді ұстай алмай, көлігін теуіп тастадым. Әрине, мұным дұрыс емес. Бірақ сол кезде қатты шарасыз едім. Басқа амалым болмады», — дейді Мадина.

sn.kz




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 22:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30