Балтамен тіл үйреткен әже

Балтамен тіл үйреткен әже

Әрбір ұлт өзінің тағдырын ана тілімен байланыстыруы керек, тіл – ұлттың күретамыры дейміз. Түрлі даналықтарды тізбектеп, деп жатамыз. Бірақ АНА ТІЛІМІЗГЕ деген махаббатымызды, құрметімізді, сезімімізді өзгелерге қалай жеткізіп жүрміз деген сұрақты қойып көрдік пе?!

Оған нақты жауап беретін азаматтардың қатары тым аз екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық болып тұр. Сондықтан, жаны қазақ, қаны қазақ, бірақ сөзіне сызат түскен жандардың тілін бірізділікке түсіру мақсатында қолға қалам алдық. Әуелгі жұмысты балабақша табалдырығындағы қазақ тілінің жай-күйінен бастағанды жөн көрдік.

Балабақшада қазақ, үйде...

ҚАЗАҚШАҢ ҚАЛАЙ, БАЛАҚАЙ? Осы сұрақты балаларға қоюға біраз жүрексінеді екенсің. Себебі, тас жүректі жібітетіндей жауап ала алмайтындай қорқыныш сезім бойыңды билеп тұрады. Балақайлардың қазақшасының өзі «бар, жоқпен» деңгейлес екендігі жасырын емес. Былдырлаған бүлдіршіннің мұрнына қазақ тілі тұрмақ, төл дыбыстардың иісі де бармайтын сыңайлы. Оған аулада, қоғамдық көлікте, тіпті, білім ошағында шүлдірлеп, мәңгүрттене бастаған жастардың әңгімесі дәлел. Бірақ олардың бетін қағып жатқан ешбір жан табылмайды. Осыдан барып тіл жанашырларының қатары азайғанын көреміз. Қоғамда осындай мысалдар көптеп кездеседі. Бірін айтып, екіншісіне еріксіз кетіп жатқанымыз да сондықтан.

Облыс орталығындағы №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай балабақшасына ат басын бұрғанымызда, аулада асыр салған жаны таза, періштедей пәк жандарды көріп, көңіліміз көтерілді. Сәлемді қазақ тілінде қабыл алдық. Қуаныштан төбеміз көкке бір елі жетпей қалды. «Шаттығымыз ұзағынан болсын. Бір жерден сояудай арам шөп шығып, қуанышымыздың шырқын бұзбаса екен», – деп армандап, мақсатымызды одан ары жалғастырғанбыз. Бірақ...

Барлығы бір үйдің баласындай тату-тәтті. Шүлдірлеген сөздеріне құлақ түрсек, қазақ тілінен қарағанда орыс тілінің айы оңынан туған екен балалар арасында. Арманымызбен осы арада қол бұлғап, қоштасып қала бердік. Олардың әңгімелері біздің көңілімізге үрей тудырды. Тілді шұбарлағанда алдына жан салмайтын үлкендерден алған тәрбиесін кішілер көріп өскендіктен, бұларға кінә тағуға да қысылғанымыз рас. Бірден тәрбиешісіне жүгіндік:

"Біздің балабақшаға бірауыз қазақ тілін білмейтін балалар келген. Оларға сәлемдесуден бастап ауа райы, ай аттарын, жыл мезгілдерін үйреттік. Алғашқыдан қарағанда біраз өзерістерді байқадық. Қағылез балалар ғой. Айтқаныңды бірден қағып алып, қайталап өзіңе айтып береді. Беталыстары жаман емес. Бірақ ата-аналар балаларымен орысша сөйлесіп, біздің еңбекті желге ұшырады. Оларға ескерту де жасадық. Егер әке-шеше тіл үйрену үшін балаларына жоғары талап қойып, үнемі қадағаласа, әрбір сұрақтарына қазақша жауап берсе, бүлдіршін екі оттың ортасында қалмас еді. Тіл мәселесіне келгенде саусақ қимылдатпай отыратын адамдардың әрекеті жанымызға батады", – дейді ересектер тобының тәрбиешісі Жазира Асланқызы.

Ертеңгілікке жаттаған қазақша тақпақтарын үйінде айтқанда, әке-шешелері таңқалып, тәрбиешілерге рахметін айтатын жағдайлар көптеп кездеседі екен бұл жерде. О заманда бұ заман, ана тілінде сөйлеген баласы үшін таңданғаны бізге үлкен «трагедия» болып көрінді.

ҮЙДЕ ОРЫСША сөйлеп, орысша мультфильмдер көрсе, ол баланың бойынан қазақылықты іздеудің өзі артық сияқты. Ұлттық болмысты, ұлттық сананы оның бойынан қанша іздесең де таба алмайсың. Құрдымға кетудің аз алдына қалғанымыз болар осы. Отбасындағы тәрбиеге тек ата-ананы ғана кінәлай аламыз. Өзге тілде шүлдірлеп отырып, балғындардың болашағына балта шапқандарын ертерек түсінсе ғой, шіркін! Бірақ біз үшін ол да арман болып қала бергендей.

Балта, балға, ара. Ол не?

Бала күнімде ауылдағы көрші апамыз үйіндегі балта, балға, ара секілді құрал-саймандарды ала сөмкеге салып, қаладағы немерелеріне апарғаны есімде. Сонда ішімнен: «Қаладағы балалар оны не істейді? Үлкен кісілер де ерігеді», - деп күлген едім. Қарап тұрсам, ол күлетін емес, жылайтын жағдай екенін кеш ұқтым. Сөйтсем, қаланың балалары бұл заттардың орысша атауларын ғана білетін болып шықты. Қазақша атауларына келгенде еңселері түсіп, біраз қиналатын сыңайлы. Соны аңғарған әже немерелерінің тіл білмегеніне намыстанып, ауыр темір-терсекті қалаға тасыған. Кейуананың осы әрекетін ерлік деп бағалау керек. Мұның барлығы ұлт болашағы үшін жасалған қадам екенін де кеш түсіндім. Қазір тілге жанашырлық танытатын, тілдің болашағы үшін аянбай тер төгетін жандардың да қатары азайды. Өкінішті-ақ...

Бүгінде қаланың салқыны тиген балалардан сұрастырғанымызда олар тұрмыстық құрал-саймандарды былай қойғанда, төрт түліктің қазақша атауын да білмейтін болып шықты. Орысша сұрасаң ұйықтап жатса да айтып бере алады. Тәрбиешілерден мұндай жағдайлардың көптеп кездесетіндігін естідік. Таңның атысынан күннің батысына дейін тіл үйретуді басты мақсаты деп білген балабақша қызметкерлерінің еңбектері ерен. Алайда үйде орыс, түзде жартылай қазақ болып жүргендер оны тез арада ұмытып кетеді. Осыдан кейін тағы да ата-ананың мойнына еріксіз кінә тағуымызға тура келеді. Теріс әрекеттер үшін ұялмайтын да, намыстанбайтын да болдық. Бұл қазақ деген атқа қара күйе жаққанмен тең десек, қателеспеген болармыз?!

Тілші түйіні

ҚАЗАҚШАСЫЗ ҚАЗАҚСТАННАН ҚОРҚАМЫН. Жүрекке найза сұққандай күйге бөленемін осы сөзді естігенде. Бірақ түсіне білген адам үшін бұл сөздің тамыры тереңде. Сол үшін әрбір адам АНА ТІЛІН үйренуді өзінен бастағаны жөн. Жоғарыда келтірілген мысалдар барлық балабақшада орын алатыны айдан анық. Баладан бастасақ ұтатынымыз көп, әрине. Өйткені, аға буынның жағдайы да көпшілікке мәлім. Соларға балабақшадағы қазақша сөйлейтін балғындардың әрекеті сабақ болса деген тілегіміз де бар. Тілдің тіршіліктегі мәніне ежелден мән берген текті халықтың тұлпардай жүйрік тілі тарам-тарам күйге түскені кімді болмасын ойландырары анық. Ел басына күн туғанда ата-бабаларымыз жауға шауып, кең-байтақ сары даланы азат етті. Ал бейбіт, тәуелсіз, азат елдің шайқалмаған шаңырағында отырып, өз қолымызбен АНА ТІЛІН тұншықтырғанымыз ҰЛТЫМЫЗҒА ҰЯТ. Мәңгүрттену санамызға сүлікше жабыспай тұрған кезде қазақ тілінің мәртебесін аяққа таптамайық. Ана тілімізде біз сөйлемесек, салт-дәстүрімізді біз жаңғыртпасақ, қазақ болып туғанымызға біз қуанбасақ, жер шарында ойып орын алған ҚАЗАҚСТАН деген мемлекетте не үшін өмір сүріп жүрміз? Осы турасында тереңнен ойланайықшы, ағайын!

Еңлік КЕНЕБАЕВА,
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста