Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балықты байлық деп ойлапты

20 сәуір 2011, 12:40

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің «Нерест» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде, табиғатқа зиян келтірушілердің жолы кесілді. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында бес күн ішінде қоршаған ортаға қиянат жасаушы 37 адам жауапқа тартылған.
Олардан барлығы – 210 кг балық, жүзу құралдары, ау, тор, қармақ секілді 47 құ­рал-жабдық тәркіленіп алынды. Табиғатқа үстемдік етіп, пайда табуды көздегендерге жалпы сомасы 167 мың теңге айыппұл са­лынып отыр. Арасында заңбұзушылық әре­кеті үшін үстінен қылмыстық іс қоз­ғал­ған азамат та бар. Атап айтқанда, Сарқан ау­даны тұрғынынан аулауға тыйым салы­нып, «Қызыл кітапқа» енгізілген балықтың 190 келісі табылды. Балықты бай­лықтың көзіне балаған броконьер енді заң ал­дында жауап беретін болады.