Мәселе

"Бандиттер де жүр". Жиында Бас прокуратура өкілі Ұлттық банкке шүйлікті

  • "Бандиттер де жүр". Жиында Бас прокуратура өкілі Ұлттық банкке шүйлікті

Коллекторлық агенттік қызметкерлерінің арасында бұрын бандит болған адамдар да бар, ал коллекционерлердің аудиохабарларын тыңдасаңыз, құлағыңыз "сасып кетеді", - дейді ҚР Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов, деп хабарлайды Zakon.kz.


- Соңғы үш жылда коллекторларға қатысты 15-ке жуық қылмыстық іс қозғалды. Әдетте, адамдар олардың іс-әрекеттеріне шағымданады. Кейде өздері туралымәліметті үшінші тараптарға берді, тағысын тағы басқа фактілер де бар.Телефондарына қалдырған аудиохабарламаларды тыңдатып көрсетеді, сұмдық, "құлақ сасиды", - деді Раисов коллекторлық қызметті жақсарт мәселесіне арналған кеңесте.

Ол Бас прокуратура құқық қорғау органы ретінде қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғау тұрғысынан бұл бағытта өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін айтты.


- Несие төлеуде жауапты адамдар, сол секілді жауапсыз адамдар болады. Бұл арада да солай. Коллекторлық компанияларды осылай бөлуге болады. Заңды емес әдістерді қолданатындар бар, айыпқа бұйырмаңыздар, шыны сол, олар бұрынғы бандиттер және тағы басқасы, - деді Бас прокурордың өкілі.

Коллекторлық агенттіктердің жұмысын жақсарту үшін ол Ұлттық банкке азаматтар кез келген кезде қолдана алатын колл-орталықтың жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.


- Рас, кейбір адамдар коллекторлардың заңсыз әрекетіне тап болып, қорқытып-үркіту, қоқан-лоқыға түсіп қалып жатады. Ондайда адам кімге шағымдарын білмейді. Мен үнемі өз жұмысымда әлеуметтік желілерді қолданамын, адамдар, расында мұндай жағдайларда қайда бару керектігін білмейді. Қарыздар туралы ол өз алдына бөлек сұрақ. Әрине, банктік құпия дегеннің бар екендігін жақсы білеміз, бірақ белгілі бір коллектордың қолында бар мәлімет Ұлттық банкте де болуы керек қой. Біз телефон нөмірін көреміз, бір адамдар қоңырау шалып, айбат шеккен хабарлар жібереді, бірақ оның кім екені белгісіз. Бірақ олар нақты факті бойынша бір қарызды талап етеді.


Ұлттық банк белгілі бір адамның нақты қарызы туралы ақпараты біле отырып, сол бойынша коллекторлық ұйымға шығып, оның қай қызметкер болғанын сұрай алады. Егер ол оның қызметкері болмаса, онда мұндай ақпарат қалай үшінші тұлғаның қолында жүр? Мұны қадағалаушы тарапқа тиесілі дүние, - деп түсіндірді Раисов.


Тағы бір мысал ретінде ол Ұлттық банкке коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қызметін бақылау үшін ұялы нөмірлер туралы ақпаратқа қол жеткізуді ұсынды.


- Бұл - жауапсыз коллекторлармен күресудің бірігей тәсілі. Яғни, олар қоңырау шалғанда, кім хабарласып тұрғанын адам білмейді. Борышкерге телефон соғатын коллекторлардың нөмірі тіркеуге алынуы тиіс. Яғни, бақылау басынан бастап аяғына дейін болуы тиіс. Коллекторларға қойылатын талаптарға келсек. Басшылыққа қойылатын талаптар бар, бірақ қатардағы қызметкерлерге қойылатын талап қандай, оны көріп отырғаным жоқ. Біріншіден, егер адамдармен жұмыс істейді екен, өз жұмысын, қалауын түсінікті тілмен жеткізетін болсын, заңды бұзып, жеке басқа тиіспесін. Ең бастысы, ол адамның сотталмағандығы талап етілуі керек. Мүмкін, бұл сөзім үшін кешірім сұраймын, ол кісі өлтірген немесе зорлық-зомбылық жасаған біреу шығар, - деп сөзін түйіндеді Раисов.




Көрілген: 2087    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 23:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30