"Бандиттерді алып келді": СҚО-да депутат араласқан жер дауы қақтығысқа ұласа жаздаған

30 мамыр 2022, 21:27

Солтүстік Қазақстан облысы Новосветловка ауылының тұрғындары егіс науқанының тоқтап қалғанына алаңдаулы. Белгісіз біреулер қауіпсіздік фирмасымен бірге жергілікті кәсіпорынның жұмысына бөгет болып, егін егуге мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі Kokshetau.asia ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткен жылы Новосветловкаға "ArayAstykGroup" ЖШС келіп, 10 мың гектар алқапқа егін еккен. Инвесторлар Компания жаңа техника сатып алған, жұмысшыларға ұзақ жылдан бері алғаш рет жалақы төленген. Кәсіпорын ауылдың инфрақұрылымына қаржы салып, жолдарды жөндеуге, ауылды абаттандыруға көңіл бөліпті. Тіршіліктері түзеле бастаған ауыл тұрғындарының келешекке сенімі арта түскен.

 

Биыл серіктестік бидайдың, қарақұмықтың құнды сорттарын сатып алып, егуге дайындалады. Алайда егіс кешендері алқапқа шыққан уақытта кенеттен олардың жолын әлдебір көліктер бөгеп, жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген. Белгілі болғандай, бұрынғы жалға алушылар соттағы дауларды шешудің орнына, күзет фирмаларының жауынгерлерін тартып, соғысуға келгендей сыңай танытыпты.

 

– 6 мамырдан бері егін егуге кіріссек деген әрекетімізден түк шығар емес. Қазір бізде 4 егіс кешені, 574 бу торы бар. Жасымық сеппекші едік, бірақ бізге жұмыс істеуге рұқсат бермей отыр. Олар өз көліктерін біздің тракторларымыздың алдына қойып, жұмысшылардың ашуына тиюде. Жерді пайдалану, жалға алу құқығы туралы барлық құжаттарымыз бола тұра бізге егіс науқанын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Мамыр айының басында тіпті бандиттерді алып келіп, қорқытпақ болды. Келіссөз жүргізіп, мәселені шешуше тырысқанымыздан, нәтиже жоқ. Уақытымыз өтіп барады, –  дейді "ArayAstykGroup" ЖШС директорының орынбасары Қайрат Үрдабаев.

 

"Новосветловка Алиби" ЖШС директоры қазір сот талқылаулары жүріп жатқанын хабарлады және бұрын "ArayAstykGroup" жұмыс істегенін және оларға ешкім кедергі келтірмегенін мойындады.

 

– Өткен жылы олардың бірлескен қызмет туралы келісімі болды және оларға ешкім кедергі жасамады. Ешқандай проблемалар болған жоқ, ешкім жолды жауып тастаған жоқ, – деді Роман Туретаев.

 

Жұмысшылар техникалардың жолын бөгеушілердің ісін заңсыздық деп есептейді. Десе де, жергілікті билік те, тәртіп сақшылары бұл әрекетке көз жұма қарап отыр.

 

Бір таңданарлығы, жуырда даулы алқапқа Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Мұрат Шәмшінұров келген. Оның егістікке қандай мақсатпен келгені белгісіз. Белгілісі – "Новосветловка Алиби" ЖШС директоры оның қымбат көлігіне қайта-қайта барғыштап, құнды нұсқаулар алған адамдай шапқылап жүріпті.

 

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар жаңа "ArayAstykGroup"инвесторының қызметіне риза екендіктерін айтады. Олар бұл дау бейбіт жолмен шешіледі деген үмітте.