Мәселе

Бар-жоғы 199 миллиард теңге. 30 жылдықта халықтың несиесін кешірейік – депутат

  • Бар-жоғы 199 миллиард теңге. 30 жылдықта халықтың несиесін кешірейік – депутат

    Бар-жоғы 199 миллиард теңге. 30 жылдықта халықтың несиесін кешірейік – депутат

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азамат Әбілдаев екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары халықты қан қақсатып жатқанын айтып дабыл қақты. Ол Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Халқытың банктердің алдындағы берешегі күн сайын артып барады. Қазіргі уақытта халықтың 27 пайызы банктерге борышкер. Ипотека бойынша несие 2, 716 триллионға жетсе, тұтынушылық несиенің сомасы 5,19 триллон, — дейді депутат.

Мерзімі өткен берешек 199 миллиард теңгені құрап отыр екен. Оның айтуынша, елімізде заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң бар. Ал жеке тұлғаларға арналған мұндай заң жоқ. Сондықтан осындай заң керек деп санайды.

Халық белшесінен батып барады. Жалғыз пәтерін кепілдікке қойып, өз кәсіптерін бастаған азаматтардың 90 пайызы несиені қайтара алмай, банкрот болды. Өйткені төл теңгеміз 28 жылдың ішінде 95 есе өз құнын жоғалтқан. Мұндайға қандай кәсіпкер шыдай алады, — дейді Азамат Әбілдаев.

Оның айтуынша, банктер кепілдікке алған мүліктерді өздерінің ұнаған бағаларына сатып, қалған ақшаны борышкердің мойнына іліп қояды. Екінші дәрежелі банктер, Ұлттық банктің алдында провизия төлемеу үшін өздерінің банктік жүйелерінен жойып, коллекторлық компанияларға төменгі бағамен сатады екен.

"Жеке банкирлерді байытқаннан басқа бұдан мемлекетке де ешқандай пайда жоқ. Банктер мен микроқаржы ұйымдар халыққа несие беріп, көмек қолын созады. Оны қайтару кезінде түсіністік танытпайды. Сүттен ақ, судан таза болып шыға келеді. Халықтан соңғы тиынды сыпыруды коллекторларға беріп қояды", — дейді мәжілісмен.

Сондықтан ол банктер коллекторлардың артына тығылмай, ашық жұмыс істеуге шақырды.

Банктеріміз қарақшыдан сорақы болып барады. Қарақшының өзі адамның соңғы затын тартып алмаған. Олар әлеуметтік көмек пен зейнетақыға дейін қол сұғып отыр. Ол азамат сонда қалай күн көреді? Шарасыздықтан өз-өздеріне қол салатындар көбейді, — дейді Азамат Әбілдаев.

Ол осы ретте Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қылмыс жасағандарға рақымшылық жасадық. Енді қаржылық қиындыққа тіреліп отырған азаматтарға қамқорлық жасайық деп айтты.

Бар-жоғы 199 миллиард теңге. Үкімет үшін түкке тұрмайтын қаржы, — дейді депутат.

 Экспресс К.




Көрілген: 1371    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31