Мәселе

«Барлық қызмет электронды форматқа көшеді»– Қаржы министрі

  • «Барлық қызмет электронды форматқа көшеді»– Қаржы министрі

    «Барлық қызмет электронды форматқа көшеді»– Қаржы министрі

Барлық қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Ведомствоның құрылымына тоқталсам, қазір Қаржы министрлігінің штат саны 16 247 бірлікті құрайды. Соңғы екі жылда министрлік ауқымды оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда 1 965 бірлік қысқартылды. Бүгінгі таңда Министрліктің құрылымы орталық аппараттан, 4 ведомстводан және 3 ведомстволық бағынысты ұйымнан тұрады», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, министрлік тарапынан жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 50 түрі көрсетіледі, оның ішінде 46 немесе 92% электрондық түрде жүргізіледі.

«2020 жылы барлығы 22,9 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 22,2 млн немесе 97% электрондық түрде. Болашақта барлық қызмет түрін электронды форматқа көшіру жоспарымызда бар. Жалпы, министрлік өз қызметінде барынша ашықтық пен конструктивті тәсілді алға тартады. Қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мемлекеттік қаржы қоғамдық кеңесі өз жұмысын сәтті атқаруда. Осының барлығы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді», - деді министр.

ҚазАқпарат. 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 12:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31