Мәселе

Барлық мектепте емес: Қазақстандық мұғалімдер электронды күнделікті толтырудан босатылады

  • Барлық мектепте емес: Қазақстандық мұғалімдер электронды күнделікті толтырудан босатылады

    Барлық мектепте емес: Қазақстандық мұғалімдер электронды күнделікті толтырудан босатылады

Қазақстандық мектептерде мұғалімдерді «Күнделік» электронды күнделікті толтырудан босатады. Алайда бұл интернет желісін пайдалануға техникалық мүмкіндігі жоқ білім мекемелеріне ғана қатысты. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрлігіндегілер мәлімдеді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


Елімізде 700 мектеп желінің жылдамдығының төмендігіне шығамдануда. Тағы 100 мектепте интернет мүлдем қосылмаған. Сондықтан мұғалімдер электронды күнделікті толтыру үшін аудан орталықтарына баруға мәжбүр. Депутаттар педагогтардың шағымын вице-премьерге жолдады.


Өз кезегінде білім министрлігіндегілер техникалық мүмкіндіктер жоқ мектептерде «Күнделікті» пайдаланбауға болады деп шешті.


«Егер мектепте кеңжолақты қолжетімділікке техникалық мүмкіндік болмаса, онда мектеп пен мұғалімдер баға қою үшін қиындыққа тап болмауы керек. Қазіргі уақытта каналдың жылдамдығы 750 мб-тен 2 гб-ге дейін жеткізілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да ақпарат сақтау көлемі 5 ТБ-ге дейін арттырылды. Бұл жүйенің жұмысы үшін жеткілікті», - дейді білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.


Ал мектеп мұғалімдері мен директорлары «Күнделікті» толтырмаған жағдайда білім мекемесінің рейтингі төмендейді деп қорқады. Алайда сервис директоры мұндайды жоққа шығарып отыр.


«Вице-министрліктің орталық аппаратының және ІІМ басқармасы деңгейінде бақылау жүргізіледі. Мұнан басқа ешқандай рейтинг жоқ», - дейді «Күделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов. 




Көрілген: 1073    Пікірлер: 0

жұма, 01.11.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30